Ақтау әкімі тұрғындарды сабырға шақырды
Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінінен
Ақтауда 12-шағын аудан тұрғындарының үндеуіне орай қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев бірнеше тұрғын үйдің жылу жүйелерін тексеріп, тұрғындарды сабырға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкім мамандар проблемалық үйлердегі жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
«Біз № 32, 42, 47 үйлерді аралап, пәтерлерде жылу барын, бірақ кейбірінде ол жеткіліксіз екенін көрдік. Жүйеде жылу айналымына қатысты мәселе бар. Қазір жылу беруді реттеу жұмыстары жүргізілуде. Байқағанымыз, біраз үйдің тұрғындар ішкі жылу жүйесін ауыстырған. Мысалы, олардың кейбіреулері батареяны балконға шығарған. Пәтер ішіндегі батарея сынса, оған пәтер иесі жауап береді. Тұрғындар үйді ұстауға жауапты қызмет көрсететін ұйыммен (ПИК) байланыста болуы керек, қажет болған жағдайда бірлесіп жұмыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мәселе толығымен шешіледі. Барлық тұрғындарды сабырға шақырамын. Қазір көптеген нысандар қызып кетуде. Біз бұл мәселені қарастырып, жылу қысымын реттеп жатырмыз. Соңғы күндері жылу мәселесі магистральдық құбырдағы апатқа байланысты туындады. Оны жойғаннан кейін желілерде реттеу жұмыстарын жүргізу қажет, сондықтан түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деді әкім.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының хабарлауынша, бұл үйлердің біразына жылу беріліп жатыр.
«№ 32, 42 және 47 тұрғын үйлердің кейбір пәтерлерін тексеру барысында пәтерлерге жылу барып тұрғаны анықталды. Пәтер ішіндегі батареялардың жылу параметрлері 42...44°С көрсетеді. Тұрғын үйлердің жылу желілерін тексердік. Жылу қондырғыларында жылумен қамтамасыз етуді реттеу бойынша қызмет көрсететін ұйымға тиісті тапсырма берілді», – дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының маманы Аслан Сәбитов.
Lada.kz сайты хабарланғандай, Ақтаудағы 12-шағын ауданның 20 тұрғыны әкімге видео үндеу түсіру үшін көшеге шыққан. Олар магистральдық құбыр үзілгеннен бері жылу да, ыстық су да болмағанын айтты.
Халық өздерінің бейнеүндеуінде осы мәселеге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назар аударуын сұрады.
«Бір апта бұрын магистральдық құбыр бұзылған жердегі құбырларды ауыстырғаннан кейін біздің әкімдік барлық ақаулар жойылып, қалаға жылу берілгенін қуана хабарлады. Дегенмен күн сайын түнде жылытқыш қолдануға мәжбүрміз, бірақ осыған байланысты өрт жиілеп кеткендіктен, біз қазір не істерімізді де білмей қалдық. Оларды толық қуатпен қоса алмаймыз, өйткені өрттен қорқамыз. Біздің пәтерлерде жылу жоқ. Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтен, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтан және жылумен қамтуға жауаптылардан төтенше жағдайымызды шешуді талап етеміз», - деді қала тұрғындары.
Жаңалықтар
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады