Ақсу қалалық сайлау комиссиясының төрағасы жол апатынан көз жұмды
Фото: freepik.com
Павлодар облысының Ақсу қаласында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Ер адамды екі көлік соққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 6 қазан күні кешке қала әкімдігі маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жолдан өтіп бара жатқан сәтте көлік қағып кеткен. Жолдың ортасына құлаған азаматты артынан келе жатқан тағы бір көлік басып өткен.
Павлодар облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«ВАЗ-21213 автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Артынан келе жатқан ВАЗ-21070 автокөлігінің жүргізушісі де жерде жатқан ер адамды басып өтіп, оқиға орнынан қашып кеткен», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Ресми деректерге сай, екі жүргізуші де ұсталды.
Қайтыс болған 57 жастағы Айдос Оразалин бұған дейін мәдениет бөлімін және қалалық су арнасын басқарған. Соңғы жылдары Ақсу аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған.
Айта кетейік, 6 қазан күні Маңғыстауда бензин буына уланған сарбаз қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық