«Ақшамды қайтарсын»: Қостанайда құрылысшы өзін өртемек болды
Фото: бейнеден кадр
Қостанайдағы құрылыс алаңында наразылық, жұмысшы өзін өртемек болып, тікелей эфирге шықты, де хабарлайды Orda.kz.
«Наша газета» басылымының мәліметінше, бұған дейін де осы құрылыс алаңында үш жұмысшы наразылық білдірген екен.
Қостанай қаласындағы Победа көшесі, 70А мекенжайындағы аяқталмаған тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы құрылыс платформасына бір жұмысшы шығып, екі сағаттан кейін өзін өртейтінін мәлімдеді. Ер адам қолына «Көмек керек» және «Ақшамды қайтарсын» деген жазуы бар картон плакаттар ұстап, оқиғаны тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Оқиға орнындағы куәгерлер мен полиция өкілдерінің айтуынша, ер адам құрылыс компаниясынан жалақысын ала алмаған. Ол балаларын айтып, өзінің ақшасын қайтаруды талап етті. Биікте тұрған соң, оның нақты талаптарын есту қиынға соғып жатыр.
Қостанай облысының полиция департаментінің мәліметінше, қазір құрылыс компаниясының қызметкерлерімен келіссөз жүргізіліп жатыр.
«Оқиға орнында барлық қажетті жедел және тиісті қызметтер жұмыс істеуде. Құрылыс компаниясы қызметкерлерімен келіссөздер жүргізілуде, компания басшылығы да оқиға орнында жүр. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалдың туындауына жұмысшыларға жалақы төленбеуі себеп болған. Қазіргі таңда жалақы төлеу мәселесі шешіліп жатыр», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық