АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне үміткер экспорт бағытында Ресейді жолда қалдырмақшы
Фото: АҚШ-тың Молдовадағы елшілігі
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына үміткер Джули Стаффт қазақстандық билікке экспорттың баламалы бағыттарын іздеуге көмектесуге дайын, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитеті тыңдауында Стаффт елші болып тағайындалған жағдайда атқаратын бағдарламасын ұсынды. Ол елімізде америкалық мүдделерді ілгерілетуге, сондай-ақ ел аумағында АҚШ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істеуге уәде берді.
«Қазақстан біз тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі болған кезден бастап Американың қолдауына ие болды. Америкадағы энергетикалық компаниялар Қазақстанға миллиардтаған доллар инвестиция құйды және бұл инвестициялар екі елге де пайда әкеліп жатыр. Бүгін біз Қазақстанмен — уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы, мұнайдың ірі экспорттаушысы және аса маңызды минералдардың орасан зор қорларының иегері болып, сауда және энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа дәуірінің қарсаңында тұрмыз», — деді Джули Стаффт.
Ол елшілікке тағайындалған жағдайда Астана мен Вашингтон арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, Қазақстанға энергетика, технологиялар және инфрақұрылым салаларында американдық инвестицияларды тарта отырып, АҚШ мүддесі үшін белсенді жұмыс істейтінін мәлімдеді. Джули Стаффт еліміз үшін Ресей мен Қытайдан бұрын, АҚШ маңызды серіктес екенін атап өтті.
Елшілікке кандидат АҚШ Ресей Федерациясы арқылы өтпейтін экспорттың баламалы бағыттарын іздеп, Қазақстанмен ынтымақтасатынын айтты. Ол жаңа экспорттық бағыттарды іздейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Джулли Стаффты АҚШ елшісі етуді Трамптың өзі ұсынған. Әзірге бұл ұсынысты Америка Құрама Штатының сенаты қарап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық