АҚШ тарихындағы ең ықпалды вице-президент өмірден өтті
Фото: AP/ Kamran Jebreili
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті, Республика партиясының мүшесі саясаткер Дик Чейни 84 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресми ақпарат бойынша қайтыс болу себебі жарияланбаған. Дегенмен, Чейни ұзақ жылдар бойы жүрек ауруымен күрескені белгілі.
Чейни АҚШ тарихындағы ең ықпалды саясаткерлердің бірі саналады. Ол 46-шы вице-президент болып тағайындалып, екі мерзім қатарынан — 2001 жылдан 2009 жылға дейін Джордж Буш әкімшілігінде қызмет атқарған.
Оның саяси мансабы АҚШ Конгресінің өкілі ретінде басталған, кейін 1989–1993 жылдары қорғаныс министрі болған. Вице-президент кезінде Чейни «терроризмге қарсы соғыс», Ауғанстан мен Ирактағы әскери операциялар сияқты жаһандық шешімдердің басты тұлғаларының бірі болды.
2001 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды. Ол Джордж Бушпен және америкалық ең ірі инвесторлар — ExxonMobil мен Chevron компанияларының өкілдерімен кездесті. Назарбаев кездесуді боулинг жайлы әзілден бастап, Бушты қатты күлдірген. Бірақ жалпы алғанда, сапардың мазмұны өте салмақты болды.
Дик Чейни бастаған Буш әкімшілігінің өкілдерімен өткен іскерлік түскі ас кезінде Назарбаев күтпеген жерден қатқыл сөйлей бастады. Ол Қазақстанның әлі күнге дейін АҚШ-пен саудаға шектеу қоятын аты шулы Джексон — Вэник түзетуінің ықпалында қалып отырғанына ашулы екенін білдірді.
Назарбаев бұл түзету бастапқыда эмиграцияға кедергі келтірген мемлекеттерге қарсы енгізілгенін еске салды. Ал ондай айыптауларға, оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанның еш қатысы жоқ еді.
«Егер қаласа, мен Қазақстандағы барлық еврейдің кетуіне рұқсат берер едім. Тіпті қасына тағы бір миллион орысты қосып жіберуге дайынмын!», — деп ашуланды Назарбаев
Америкалық делегация бұл сөзге күліп жауап бергенімен, Қазақстанды ескірген санкциялар тізімінен шығару жөнінде ешқандай уәде айтылған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық