АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар өз еркімен кетуі тиіс
Қазақстанның Америкадағы елшілігі жерлестерге үндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Құрметті Америка Құрама Штаттары аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары! Америка Құрама Штаттарының билігі депортациялау туралы сот шешімін шығарды, бірақ елде қалған шетелдік азаматтарды АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің бөлімінің Home мобильді қосымшасы арқылы мүмкіндігінше тезірек еліне өз еркімен оралуға шақыратынын ескеріңіз» деп жазылған елшілік хабарламасында.
Отанына оралуға дайын қазақстандықтарға жеңілдіктер қарастырылған:
• Рейс таңдау мүмкіндігімен елге қауіпсіз оралу;
• Билет сатып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда субсидия алу мүмкіндігі;
• АҚШ-та тапқан қаражатты сақтау;
• Болашақта АҚШ-қа заңды түрде оралу құқығы.
Қазақстан Республикасының азаматы өз еркімен қайтудан бас тартқан жағдайда оған мынадай шаралар қолданылады:
• Дереу депортация. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаменті кетуге дайындалуға уақыт бермей ұстайды;
- Айыппұлдар мен санкциялар. Айыппұл мөлшері күніне $998 болады. Елден депортациялау туралы сот шешімі соңғы бес жыл ішінде шығарылса, айыппұл бір миллион долларға жетуі мүмкін. Оны төлеу мүмкін болмаған жағдайда жылжымайтын мүлікке мемлекет пайдасына тыйым салуға жол беріледі;
- Егер азамат кету туралы CBP Home арқылы хабардар етсе, бірақ өз еліне оралмаса, 1000 доллардан 5000 АҚШ долларына дейін қосымша айыппұл салынады;
- Сондай-ақ АҚШ-қа қайта кіруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Елшілігі жағымсыз салдардың алдын алу үшін азаматтарды АҚШ-тан өз еркімен кетуге шақырады.
Бұған дейін Орда АҚШ-тағы қазақстандық заңсыз иммигранттар күн сайын депортацияланатынын жазған болатын. Республиканың 3,6 мыңға жуық азаматы консулдық есепте тұр. Олар ресми түрде тіркелген, құжаттарында еш қиындық жоқ. Бірақ заңсыз иммигранттардың нақты саны белгісіз.
Жаңалықтар
- Мексикадағы атыс кезінде турист қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты