АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынды
Фото: Pixabay
АҚШ-та танымал әлеуметтік желі платформасына салынған тыйым ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды Orda.kz NBC News арнасына сілтеме жасап.
18 қаңтар, сенбі күні кешке әлеуметтік желіні ашуға тырысқан TikTok пайдаланушылары келесі хабарламаға тап болды:
«Кешіріңіз, TikTok дәл қазір қолжетімсіз. АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң қабылданды. Өкінішке қарай, бұл әлеуметтік желіні әзірше пайдалана алмайтыныңызды білдіреді. Бізге президент Трамп қызметке кіріскеннен кейін TikTok-ты қалпына келтіру үшін бірге жұмыс істейтінін айтқанына қуаныштымыз. Хабарлаама күтіңіз!» деп жазылған хабарламада.
Қолданба АҚШ-тағы Apple және Google қолданбалары дүкендерінен де жоғалып кетті, сондықтан оны жүктеп алу мүмкін емес. ТикТоктың АҚШ-та 170 миллион қолданушысы бар.
Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп сенбіде NBC News арнасының «Баспасөзбен кездесу» бағдарламасының жүргізушісі Кристен Уэлкерге телефон арқылы берген сұхбатында дүйсенбіде қызметіне кіріскеннен кейін TikTok-қа АҚШ-тың ықтимал тыйымынан 90 күндік «мүмкіндік» мерзімін беруі ықтимал екенін айтты.
Трамп түпкілікті шешім қабылдамағанын, бірақ TikTok-тың қытайлық бас компаниясы өзінің американдық бөлімін қытайлық емес сатып алушыға сатуы немесе АҚШ-тың тыйымына ұшырауы тиіс мерзімді 90 күнге ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Америка дауысы.
«Менің ойымша, бұл, әрине, біз қарастыратын нұсқалардың бірі. 90 күндік ұзарту ақылға қонымды және орынды. Біз бұл мәселені мұқият қарастыруымыз керек. Бұл өте қиын жағдай. Егер мен мұны шешсем, оны дүйсенбіде жариялайтын шығармын», - деді Трамп телефон арқылы берген сұхбатында.
АҚШ-тың Жоғарғы соты бұған дейін АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салу туралы заңның күшін жоюдан бас тартқан болатын. Әлеуметтік желіге иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясы сатып алушы іздеуден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық