«АҚШ-та ойран салған торнадо»: Қаза тапқандар бар
Фото: Reuters / Билл Ингрэм / Palm Beach Post
Флориданың батыс жағалауына соққан «Милтон» дауылы - биыл болған үшінші ірі апат өңір тұрғындарына ауыр сынақ болды. Ресми деректерде 2 адам қаза болды дегенмен, Флорида тұрғыны кем дегенде 16 адам қаза тапты деп отыр. Алайда қаза болғандар одан да көп болуы мүмкін, себебі құтқарушылар қирандылар арасынан әлі де адамдарды тауып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
3 миллиондай үй жарықсыз қалды. Флориданың губернаторы Рон ДеСантис жақында тағы бірнеше апат болатынын мәлімдеді. Губернатор өзінің instagram парақшасында «Хелен» мен «Милтон» дауылдарынан зардап шеккен аймақтың бәрі қалпына келеді деп жазды.
«Мемлекет тарапынан толық қолдау көрсетіліп жатыр. 50 000-нан астам желілік жұмысшылар, коммуналдық және телекоммуникациялық компаниялар бұл қауымдастықтарға электр қуатын және байланыс желілерін қалпына келтіру үшін бар күш-жігерлерін салады. Флорида штатында біз жергілікті және федералдық серіктестерімізбен, сондай-ақ бизнес және қайырымдылық ұйымдарымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Осылайша Флорида тұрғындары қажетті көмекті алып, қайта аяқтарынан тік тұрады. Біз мықты мемлекетпіз және мен Хелен мен Милтон дауылынан зардап шеккен Сиеста-Ки мен барлық аймақтар қалпына келеді деп сенемін. Біз біргеміз», — деді губернатор.
9 қазанда кешке қарай «Милтон» дауылы Флорида штатындағы Сиеста-Ки ауданын қиратты. Reuters агенттігінің мәліметіне сүйенсек, сол кезде дауылдың күші бес санаттың үшінші деңгейіне жетіп, желдің жылдамдығы сағатына 190 шақырымнан асты.
Штаттың ішкі аймағына қарай өткенде дауыл бірінші санатқа дейін азайғанымен, әлі де қауіпті болып отыр. Кейбір аймақтарда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды.
АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің (NWS) дерегіне қарасақ, Флоридада шамамен 30 торнадо тіркелген, деп хабарлайды CNN. Жалпы алғанда, торнадо туралы 125-тен астам ескерту жасалды. Бұл штат үшін бір күндегі рекордтық көрсеткіш. NBC деректеріне шарасақ, Сент-Люси округіне шамамен 17 торнадо болып, жүздеген үй, соның ішінде қарттар үйі де қираған. Кейбір үйлердің тек іргетасы ғана қалған.
Сент-Люси округінің шерифі Кит Пирсон «құрбан көп» екенін хабарлағанымен, әлі ресми түрде екі адамның қайтыс болғаны ғана расталған, деп хабарлайды өрт сөндіру қызметінің өкілі. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Ал Флорида тұрғыны кем дегенде 16 адам қаза болды деп отыр.

Брайан Р. Смит / AFP
Сент-Питерсберг қаласында дауыл Tampa Bay Rays бейсбол командасы ойнайтын Tropicana Field стадионының шатырын ұшырып жіберген деп хабарлайды CBS.
Сонымен қатар Tampa Bay Times басылымы орналасқан ғимаратқа құрылыс краны құлаған. CNN мәліметтеріне қарасақ, қалада үш сағат ішінде 40 см жауын-шашын түскен, бұл аймақтың үш айлық нормасына тең.
PowerOutage.us мәліметінше, Флоридада 3 миллионнан астам адам жарықсыз қалған. Ең көп зардап шеккен елді мекендер Тампа шығанағы маңында орналасқан, онда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Палм-Бич округінің өрт сөндіру-құтқару қызметі бес адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. CBS мәліметінше, адамдар қиранды астында қалып қойған немесе аударылған көліктерде қысылып қалған.
«Милтон» — 2024 жылы Флоридаға соққан үшінші дауыл, алдыңғысы «Франсин» және «Хелен» дауылдары болды. Соңғы 150 жыл ішінде мұндай жағдай тек бес рет қана болған. 2005, 2004, 1964, 1886 және 1871 жылдары, деп жазады дауылдар жөніндегі сарапшы Фил Клоцбах.
АҚШ Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының болжамына қарасақ, 10 қазан күні «Милтон» Флорида орталығынан өтіп, Атлант мұхитына шығады. Дегенмен, The New York Times дерегіне қарасақ, ол шығыс жағалауда қатты жел мен жауын әкеліп, ауқымды су тасқындарын тудыра береді.
АҚШ-тың ғарыш агенттігі NASA жасаған жаңа мәлімдемесіне қарасақ, Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығы алдағы қауіптерді тексеріп жатыр.
«Жел қауіпсіз деңгейге дейін бәсеңдегеннен кейін, орталықтың реакция тобы мен инженерлік топтары көпірлердің қауіпсіздігі мен жарамдылығына көз жеткізу үшін тексерулерді бастады», — деп хабарлады NASA өкілдері.
Олар кейінірек «орталықты мұқият тексеретіндерін» қоса айтты.
NASA өзінің instagram парақшасына «Милтонның» ғарыштан қарағандағы көрінісін жариялады.
«Милтон» дауылы бейсенбіде болады деп болжанған еді. NASA осы дауыл үшін «Еуропа Клипер» ғарыш кемесінің ұшырылуын кейінге шегерді.
NASA-ның мәліметіне сүйенсек, бұл ғарыш аппараты мұз қабатының астында тұщы су «мұхиты» бар-жоғын және адамдардың сол жерде тіршілік ету мүмкіндігін анықтамақ болған еді.
Джо Рэдл / Getty Images
«Милтон» дауылы Флоридаға 200 адамды ажал құштырған «Хелен» дауылынан кейін болып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық