АҚШ-та қос жатырлы әйел егіз баланы дүниеге әкелді
Суреттер: instagram.com/doubleuhatchlings парақшасынан
АҚШ-тың Алабама штатында қос жатыры бар әйел екі қыз баланы дүниеге әкелді. Оның үстіне әр бала бөлек құрсақта дамып жетілген, деп хабарлайды Orda.kz.
The Guardian басылымының хабарлауынша, 32 жастағы Келси Хэтчерді 20 сағат бойы толғақ қысқан. Дәрігерлер жүктіліктің 39-аптасында босануға ауруханаға шақырған.

Басылым әйелге әдеттегіден екі есе көп дәрігер қажет болды деп жазады. Бір қызығы дәрігерлердің әр бригадасы әр жатырдың жағдайын жеке-жеке бақылап отырған.

Ең қызығы егіздердің екі бөлек құрсақта жетілгенінен бөлек олардың туған күндері де әртүрлі болды. Біріншісі сейсенбі күні кешке, екіншісі сәрсенбі күні таңертең дүниеге келген. Босану Алабама университеті ауруханасы дәрігерлерінің жіті бақылауымен өтті.
Дәрігерлер мұндай жүктілік миллионнан бір жағдайда ғана болатынын айтады. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, нәрестелерді көтеру мен жүктілік әдеттегідей өткен.
Әйел өзінің қос жатыры бар екенін 17 жасында білген. Бұл босану әйелдің төртінші рет бала көтеруіне қатысты. Бұған дейінгі жүктіліктерінде нәресте тек бір жатырда болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық