АҚШ смартфондар мен компьютерлерді өзара баж салығынан босатады
Фото: oleoscope.com
Тізімге басқа электроника түрлері де кірді. Бұл тұтынушыларды бағаның күрт өсуінен қорғап, Apple және Samsung сияқты электрондық өнеркәсіп алыптарына пайда әкелуі тиіс, деп хабарлайды Orda.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ерекшеліктер сондай-ақ мониторларға, қатты дискілерге, компьютерлік процессорларға, жартылай өткізгіш чиптерге және жад микросхемаларға қолданылады.
АҚШ-тың Кедендік және Шекара қызметі Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін өнімдерге 145 пайыздық баж салығын енгізгеннен кейін осындай ерекшеліктер жарияланды. Бұл қадам iPhone мен Қытайдағы басқа да өнімдердің көбін өндіретін Apple сияқты технологиялық компанияларға соққы болуы мүмкін.
Басылымның хабарлауынша, тарифтік шегерім қысқа мерзімде қолға алынып, уақытша болуы мүмкін. Бұл тауарларға ақыр соңында қосымша баж салығы салынатыны сөзсіз, бірақ олар аталған 145% мөлшерлемеден төмен болуы да ықтимал.
Қытай да қарап жатпай, Оттаваның Қытай импортына баж салығын енгізгеніне жауап ретінде кері салық түрлерін жариялады. Себебі, Қытайда өндірілген барлық электр көліктеріне 100 пайыз, болат пен алюминий импортына 25 пайыз қосымша салық салынды.
1 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан, Канададан және Мексикадан АҚШ-қа импортталатын тауарларға, сондай-ақ Канада энергетикасына баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
Жақында ғана Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитт Қытай басшылығына АҚШ-пен сауда соғысының өршуі салдары туралы ескерту жасады. Атап айтқанда, ол Бейжің АҚШ-тың қосымша баждарына жауап ретінде қарсы шаралар қолдануды жалғастырса, өздеріне «өте жаман болады» деп сес көрсетті.
АҚШ кеденшілері 57 ірі сауда серіктестері өнімдеріне неғұрлым жоғары баж салығын ала бастайды. Тізімде Қазақстан да бар. Алайда енгізілген тарифтік шаралар АҚШ-қа қазақстандық экспорттың жалпы көлемінің 4,8% -ын ғана қамтиды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық