АҚШ, Ресей және Украина өкілдері Сауд Арабиясына жиналды
Фото: freepik.com
АҚШ делегациясы 16 ақпанда Ресей өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Мен бүгін ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшімен бірге сол жаққа аттанамын. Бізде президенттің тапсырмасымен кездесулер өтеді. Ресей мен Украина мәселесіне қатысты жақсы прогреске қолжеткіземіз деп үміттенемін», – деді Уиткофф.
Ол Украина келіссөздерге қатыспайды деген пікірмен келіспейтінін, Укринаның келіссөздерге қатысқаны маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко украиндықүкіметтік делегацияның Сауд Арабиясында жұмысын бастағанын және Владимир Зеленский сапарға дайындалып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, украиндық делегация энергетика, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларындағы бастамаларды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды талқылаған.
Ал 14 ақпанда Зеленский алдағы күндері Біріккен Араб Әмірліктеріне, Сауд Арабиясына және Түркияға баратынын хабарлаған еді. 16 ақпан, жексенбіде Украина президенті жұбайымен бірге БАӘ-ге барған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ресей мен АҚШ-тың Украина бойынша келіссөздері 18 ақпан, сейсенбіде Эр-Риядта өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық