АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ пен Иранның жоғары деңгейдегі делегациялары алты аптаға созылған соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер үшін Исламабадқа келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда Тегеран бұл кездесудің орындылығына күмән келтіріп, Ливанға қатысты міндеттемелер мен санкциялар мәселесі шешілмейінше келіссөздер басталмайтынын мәлімдеді.
АҚШ делегациясын вице-президент Джей Ди Вэнс бастап келді, оның құрамына президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнер де кірді. Сенбі күні таңертең АҚШ Әуе күштерінің екі ұшағы Исламабадтағы авиабазаға қонып, делегацияны Пәкістан армиясының қолбасшысы фельдмаршал Асим Мунир мен сыртқы істер министрі Ишак Дар қарсы алды.
Иранның мемлекеттік телеарнасы жұма мен сенбіге қараған түні Исламабадқа Тегеран делегациясы келгенін хабарлады. Оны парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф бастап келді. Делегация құрамында сондай-ақ Иран Орталық банкінің басшысы Абдольнасер Хеммати, Қорғаныс кеңесінің хатшысы Али Акбар Ахмадиан және сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бар.
Галибаф бұған дейін АҚШ Иран активтерін бұғаттан босатуға және Ливанда атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл уәделер орындалмайынша келіссөздер басталмайды.
Ал Израиль мен АҚШ Ливандағы әскери науқан Иранмен жасалған бітімге кірмейтінін мәлімдеді. Ирандық БАҚ мәліметінше, Галибаф Тегеран АҚШ «шынайы келісім» ұсынып, елдің құқықтарын мойындаса, мәмілеге дайын екенін айтқан.
Дональд Трамп әлеуметтік желілерде Иран талаптарына пікір білдіріп:
«Ирандықтар әлемдік теңіз жолдары арқылы қысқа мерзімді қысым жасаудан басқа ешқандай амалы жоқ екенін түсінбейтін сияқты. Бүгін олардың тірі қалғанының жалғыз себебі — келіссөздер жүргізу», — деді.
Сонымен қатар, ол бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда АҚШ әскери кемелері Иранға соққыны қайта бастауға дайын екенін ескертті.
Вэнс Пәкістанға аттанар алдында келіссөздердің оң нәтиже беретініне үміт білдіргенімен, «егер олар бізді алдауға тырысса, біздің делегация олардың ұсыныстарына аса ашық болмайды» деп мәлімдеді.
Reuters агенттігінің дереккөзі келіссөздердің сенбі күні аяқталатыны әзірге белгісіз екенін, әрі олардың нақты уақыт шектеуі жоқ екенін айтты.
Сейсенбі күні Дональд Трамп екі апталық атысты тоқтату режимін жариялаған еді, соның нәтижесінде АҚШ пен Израильдің Иранға әуе соққылары тоқтатылған.
Алайда бұл Ормуз бұғазының Иран тарапынан жабылуын тоқтатпады және Ливандағы Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығысты да аяқтаған жоқ.
Энергия тасымалдаудағы үзілістер инфляцияны күшейтіп, әлемдік экономиканың өсу қарқынын баяулатып отыр, әрі оның салдары бірнеше ай бойы сезілуі мүмкін.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы Тегеран ұсынған 10 тармақтан тұратын ұсыныс негізінде ымыраға келу болмақ. Оның ішінде шабуыл жасамау қағидасы, Ормуз бұғазының Иран бақылауында болуы, уранды ел ішінде байыту, санкцияларды алып тастау, соғыс шығындары үшін өтемақы төлеу және АҚШ әскерін өңірден шығару бар.
Ал АҚШ өз кезегінде шамамен 450 келі жоғары байытылған уранды тапсыруды және Ормуз бұғазын халықаралық кеме қатынасы үшін толық ашуды талап етіп отыр.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық