АҚШ Киевті пайдалы қазба туралы келісімнен бас тартса Starlink желісінен ажыратамыз деп қорқытты - БАҚ
Фото: kapital.kz
АҚШ билігі егер Киев Вашингтонмен сирек кездесетін қазбалар бойынша келісімге қол қоюдан бас тартса, Украинаны Илон Масктың Starlink спутниктік интернет жүйесіне кіруіне тыйым саламыз деп қорқытты.
Дереккөздердің хабарлауынша, мұндай қауіп АҚШ-тың Украина ресурстарына қол жеткізуін талқылау кезінде жасалған. Атап айтқанда, Starlink мәселесі 20 ақпанда Киевте Владимир Зеленский мен АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлог арасында өткен келіссөзде көтерілді. Ол сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол жеткізілмесе, Starlink-тің «жақын арада жабылатынын» айтты.
Бұған дейін 14-16 ақпанда өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Зеленский Вашингтон ұсынған келісімнің бастапқы нұсқасын қабылдамады. Жуырда Дональд Трамп әкімшілігі Киевке жаңа келісім жобасын тапсырды.
Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейін көп ұзамай Илон Маск Украинаға қираған байланыс құралдарын ауыстыру үшін мыңдаған Starlink терминалдарын сыйға тартты. 2022 жылдың күзінде Маск жүйеге кіруді уақытша шектеді, өйткені ол Киев әрекеттерін сынай бастады.
Сарапшылардың айтуынша, Starlink жүйесі ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару үшін өте маңызды. «Starlink-тің жоғалуы Украина үшін үлкен соққы болады», - дейді америкалық дереккөз.
«Европейская правда» жазғандай, Польша премьер-министрінің орынбасары Кшиштоф Гавковский Украинадағы Starlink терминалдарын ажырату мүмкін емес деп санайды, себебі оның ақысын поляктар төлеген.
Гавковский Польша өзі сатып алған Starlink терминалдарын Украинаға бергенін және Украина үшін спутниктік интернетке абоненттік төлемді жалғастыратынын атап өтті.
«Мен біреудің Польша қатысушысы болатын коммерциялық қызмет көрсететін іскерлік келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін елестете алмаймын», - деді вице-премьер.
Украина үкіметінің мәліметінше, Польша 20 мыңға жуық Starlink терминалына ақы төлеген, олар тек әскери мақсатта ғана емес, сонымен қатар соғыс даласындағы байланыс үшін де пайдаланылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық