АҚШ қазақстандық студенттердің виза мерзімін шектемекші
АҚШ билігі шетелдік студенттерге, соның ішінде Қазақстан азаматтарына, елде оқу мерзімін төрт жылдан асырмауды ұсынбақ. Бұл бастама АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі жариялайтын жаңа ұсынысқа сәйкес жүзеге аспақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта күндізгі бөлімде оқитын студенттер нақты шектеусіз АҚШ-та бола алады. Ал жаңа ереже күшіне енсе, студенттік визаның мерзімі ең көбі төрт жылдан аспайды. Ерекше жағдайлар қарастырылғанымен, олар тек АҚШ билігінің арнайы рұқсатымен ғана мүмкін болады.
АҚШ билігінің айтуынша, бұл шара студенттік визамен елде ұзақ уақыт қалып қоятындармен күресу үшін енгізіліп отыр. Министрлік өкілі қазіргі жүйені «жомарт, бірақ ескірген» деп атап, жаңа ережелердің қадағалауды күшейтуге бағытталғанын мәлімдеді.
«Бұл федералды үкіметке шетелдік студенттерді және олардың жүріп-тұруын дұрыс бақылауға көмектеседі» деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Шектеулер тек студенттерге ғана емес, шетелдік журналистерге де әсер етпек. Оларға елде болуға 240 күнге дейін рұқсат беріледі, әрі бұл мерзімді бір рет қана осынша уақытқа ұзартуға жатады. Бірақ бұл тек нақты тапсырмаларды орындау барысында ғана мүмкін болады.
Аталған бастама бірден сынға ұшырады. Халықаралық білім беру қауымдастығының (NAFSA) жетекшісі Фанта Оу жаңа ережені АҚШ экономикасы, университеттері және халықаралық бәсекелестік үшін қауіп деп атады. Оның айтуынша, бұл қадам шетелдік студенттердің АҚШ-та білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Бұған дейін хабарланғандай, жыл сайын шетелге оқуға шамамен 80 мың қазақстандық аттанады екен. Министр Саясат Нұрбектің мәліметінше, қазақстандық студенттер Ресей мен Ұлыбританиядан бөлек, АҚШ, Гонконг және Оңтүстік Кореяны да жиі таңдайды. АҚШ-тағы оқу ақысының қымбаттығына және виза алу қиындықтарына қарамастан, америкалық жоғары оқу орындарына қызығушылық артып келеді.
Биылғы жылдың наурыз айында АҚШ билігі 43 мемлекеттің азаматтарына елге кіру ережелерін қатаңдатты.
Былтыр Қазақстан Neo Nomad цифрлық көшпенді визасын енгізді. Ол визаны алу үшін шетелдіктің Қазақстаннан тыс жерде кемінде үш мың АҚШ доллары болатын тұрақты табысы болуы керек.
2021 жылы шетелде білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің жоғары оқу орындарына ауысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық