АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
Фото: Peport
АҚШ қарулы күштері жақын арада есірткі картельдеріне қарсы күрес аясында Латын Америкасындағы жер бетіндегі нысаналарға әуе шабуылын бастайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаментте өткен салтанатты қабылдауда мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Вашингтон есірткі тасымалына қарсы күресте «өте қатаң позиция ұстанып» тұр, соңғы уақытта АҚШ-қа теңіз арқылы келетін есірткі көлемін 94% -ға төмендетуге қол жеткізілді.
«Енді біз құрлықтағы процесті бастаймыз: біз олар жасырынған әрбір бағытты, әрбір ғимаратты білеміз», - деп атап өтті Трамп, соңғы бір жылда АҚШ-та есірткі салдарынан 300 мыңға жуық адам қаза тапқанын еске салып.
Президент жаңа шаралар есірткі картельдері инфрақұрылымын толық жоюға және азаматтарды есірткі қаупінен қорғауға бағытталғанын атап өтті.
15 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Кариб теңізінің халықаралық суларында екінші кемеге соққы берілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шағын кеме Венесуэлаға тиесілі болған және АҚШ-қа есірткі тасымалдап бара жатқан.
Еске салсақ, қазан айында АҚШ-тан Алматыға есірткі тасыған ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері анықталды.
Сонымен қатар елімізде есепті кезеңде есірткімен аналысатын 15 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық