АҚШ Еуропа елдерін сауда тарифтерімен қорқытты
Фото: PETER ZAY / AFP
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақтың 27 елін АҚШ-тан көбірек тауар импорттауға шара қолданбаса, баж салығын салатын сауда серіктестері тізіміне қосамын деп сес көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Санақ бюросының мәліметі бойынша, АҚШ-тың ЕО-мен тауарлардағы сауда теңгерімсіздігі 2023 жылы 209 миллиард доллар болды. Еуропадан импорт 576 миллиард доллар, ал АҚШ-тан экспорт 367 миллиард доллар болды.
«Мен Еуропалық Одаққа АҚШ-тағы қомақты тапшылықты біздің мұнай мен газды кең көлемде сатып алу арқылы толтыру керектігін айттым. Өйтпеген күнде барлығына түгелдей тариф қойылады!» деп жазды Трамп әлеуметтік желілерде.
Еурокомиссия өкілі Улоф Гилл Трамптың жазбасына былай деп жауап берді:
«Біз сайланған президент Трамппен онсыз да берік қарым-қатынасымызды, соның ішінде энергетика саласындағы ортақ мүдделерімізді келіссөздер барысында одан әрі нығайта алатынымызды талқылауға дайынбыз».
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың жазғы уақытқа көшуден бас тартпақшы екені белгілі болған. Сарапшылардың айтуынша, бұл адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық