АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін

cover Фото: Ақ үй

АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz The Times of India-ға сілтеп.

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері Джон Кириакоу әскери операция туралы шешім қабылданып қойғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақында Ақ үйде болған дереккөз шабуыл келесі аптаның басында басталуы мүмкін екенін жеткізген.

АҚШ билігі тарапынан әзірге ресми растау жасалған жоқ. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дипломатиялық келіссөздер ресми түрде жалғасып жатқанымен, дереккөздердің мәліметінше, мәселе тек уақытқа тірелуі мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар