Ақмолалық оқушы үш шетелдік университеттің шәкіртақысы мен грантын жеңіп алды
Алина Айқын АҚШ-тың үш университетіне түсіп, жалпы сомасы 260 мың доллар болатын шәкіртақы мен гранттар жеңіп алды, деп хабарлайды 716.kz.
Алина Айқын Көкшетаудағы Әл Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейдің 11 «А» сынып оқушысы. Ол үздік оқушы және ұстаздарының сүйіктісі. Оның сүйікті пәндері – ағылшын тілі мен математика.
«Мен портфолиомды сауатты құрастыруға көп уақыт жұмсадым. IELTS Academic халықаралық академиялық ағылшын емтиханын 7,5 жоғары баллмен тапсырдым (деңгей С1, ағылшын тілінің жоғары деңгейі). Емтиханға да қатты дайындалдым, ағылшын тіліндегі деңгейімді жақсарттым, өйткені IELTS емтиханы шетелге түсу үшін өте маңызды болды»,- дейді Алина.
Сондай-ақ ол мүмкіндігі шектеулі балаларға (аутизм, церебральды сал ауруы) ағылшын тілін үйреткен «Инклюзивті Академия» халықаралық бағдарламасында бірнеше ай волонтерлік қызмет атқарғанын да айта кетейік.
«Бірақ менің волонтерлік салаға сапарым «Феникс» орталығынан басталды, онда мен республикалық чемпионаттар мен турнирлерді ұйымдастыруға көмектестім, республикалық ұйымдардан волонтерлерді дайындадым, сенбіліктерге шығып, іс-шараларда көптеген ұйымдастырушылық жұмыстарға көмектестім. Маркетинг және халықаралық қатынастар саласында да ірі компанияда тәжірибеден өттім», - дейді мектеп оқушысы.
Алина АҚШ-тың мынадай үш университетіне оқуға түсті:
• Флорида Технологиялар Институты ( Florida Institute of Technology немесе Florida Tech/STEM университеті ретінде де белгілі) АҚШ-тағы 1-деңгейдегі үздік ұлттық университет ретінде танылған жаһандық зерттеу университеті.
• Дюкесн университеті (Duquesne University). Ол АҚШ-тың үздік университеттері рейтингіне кіреді, сонымен қатар бүкіл Пенсильвания штатындағы үздік университеттер арасында 13-ші орында.
• Assumption University. Forbes журналының Америкадағы ең жақсы колледждер тізіміне енгізілген. Сондай-ақ Forbes Америка Құрама Штаттары мен Массачусетс штатындағы үздік университеттер тізіміне енген Assumption University оқу орннын елдегі ең жақсы университет деп атайды.
Айтпақшы, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы 86 мектеп түлегі алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық