Ақмолада балабақша директоры айыппұлын қызметкерлеріне төлетіп келіпті
Фото:Pexels
Ақмола облысындағы балабақша директоры өзінің айыппұлын төлеу үшін қызметкерлерінен ақша жинап келгені белгілі болды.
Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура тексеріс жүргізіп, Ақмола облысындағы балабақшаларда түрлі бағыттағы 300-ден астам заң бұзушылықтарды анықтады.
Сондай балабақшалардың бірінде қызметкер мас жүргені анықталды. Тағы бір жағдайда балабақша директоры өз айыппұлын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинап келген. Қазір директор қызметінен босатылды.
«Тексеріс барысында 3 балабақшада 15 жұмысшының жалған медициналық картасы бар екені анықталды. 12 мектепке дейінгі ұйымда ішек таяқшасы бактериялары табылды. Сондай-ақ, 19 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық талапқа сәйкес келмеді», деді Ақмола облысының прокуратурасы.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты