Ақмола облысының әкімі «Хабар» тілшісінің сұрағына шүйлікті
Фото: gov.kz
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Хабар» тілшісінің реновация бағдарламасы бойынша сатып алынған жаңа үйлердің кейбірі апаттық жағдайда тұр деген сұрағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әкімнің айтуынша, барлық тұрғындар өз үйлеріне разы.
«Бұндай абсурд сұрақтар қойып қажеті не? Қай жерде үйлер құлап жатқанын маған көрсетіңізші. Халық тұрып жатқан үйлеріне дән риза. Мемлекет басшысы реновация нысандарына барып, өз көзімен көрді», – деді Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ әкім Қосшыдағы үйлердің әлі де дайын еместігін айтты, бірақ жылу мәселесі шешілгенін атап өтті. «Жылдың соңына дейін тұрғындар Қосшыдағы үйлерге кіріп, жайлы жағдайда тұрады», – деді ол.
«Ол жақта кәсіпкерлер тұрады. «Қирап жатыр» деген сөзді дәлелсіз айту – абсурд. Нақты дәлел келтіріңіз», – деді әкім.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Қожасай ауылының тұрғындары әлі күнге көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық