Ақмола облысындағы жолда 16 көлік соқтығысты
Сурет: 716.kz
Жол апатынан 28 жастағы жүргізуші қайтыс болды, зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда «Астана-Петропавл» тас жолының 105-ші шақырымында «Гелиос» жанар-жағармай құю бекетінің маңында ірі жол апаты болған.
«Сағат 13:18-де Ақкөл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне ірі жол-көлік оқиғасы болып, қайтыс болған адам бар деген телефон хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұған дейін жол-көлік оқиғасы салдарынан 16 көлік, оның ішінде үш «Газель», төрт жүк көлігі және тоғыз жеңіл көлік зақымдалғанын анықтады. Өкінішке қарай, көліктің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған бес зардап шегуші Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді» деп түсіндірді департаменттегілер.
Облыс полицейлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүруі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі істі бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық