Ақмола облысындағы жол апаты болған жерден жеңіл көліктер шығарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Бүгін ірі жол апаты болған Астана-Петропавл күре жолында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жолды тазалау жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына 20-ға жуық эвакуатор келді, деп хабарлайды Orda.kz.
«ҚазАвтоЖолдың» АҚ хабарлауынша, 3 қаңтар күні сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Астана-Петропавл тас жолында болған жол апатынан 95 көліктің 24-і шығарылды. 30 көлік өз күштерімен оқиға орнынан шығып кеткен. Оқиға орнында әлі 41 көлік қалды. Бұл іске 34 арнайы техника мен 20 жеке құрам қатыстырылды. Жылжымалы жылу пунктінде азаматтар ыстық тамақ пен шаймен қамтылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің сенім телефоны 8716-2-52-09-50 жұмыс істеп тұр».
Ақмола денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат салдарынан 20 адам зардап шекті, оның сегізі бала.
• Әр түрлі ауырлықтағы жарақаттармен үш адам Ақкөл орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Барлығының жағдайы тұрақты.
• Бұланды орталық аудандық ауруханасына 11 адам түсті, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, оның ішінде бір бала бар. Зардап шеккендерге бас сүйек-ми жарақаты, сынық пен көгерген жерлер диагнозы қойылды. Алтауы амбулаторлық емдеуге жіберілді
• Бурабайдағы медициналық пунктке төрт адам жеткізілді, оның ішінде бір бала бар. Бір адам ауруханада жатыр, үшеуі амбулаторлық ем алуда.
· Астаналық екі бала апат орнынан ауруханаға жеткізілді. 2021 жылы туылған бір бала бас-ми жарақаты мен ми шайқалу күдігімен жатқызылды. Екіншісі, 2009 жылы туған жасөспірім, кеуде тұсынан жарақат алып, тізе буыны көгерген.
Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының жағдайы қалыпты.
Ал, ҚР ІІМ көлік жүргізушілерінен жолда, әсіресе көктайғақ, қар немесе тұман кезінде абай болуды сұрайды.
«Біз ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Естеріңізде болсын: кейде өз өміріңізді және басқалардың қауіпсіздігін қатерге тігуден гөрі біраз уақыт күткен дұрыс. Жолда жүрсеңіз, жылдамдықты азайтыңыз; қауіпсіз қашықтықты сақтау; кенеттен маневр жасауды және басып озудан аулақ болған дұрыс. Бірінші мүмкіндікте ең жақын қалаға немесе қауіпсіз жерге тоқтаңыз. Жол қызметтері, полиция мен құтқару бөлімшелері жолдарда тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың міндеті сізге көмектесу. Төтенше жағдайда дереу көмекке жүгініңіз», - деп ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.
Сондай-ақ, полицейлер ауа райы жағдайына байланысты шектеулер мен ережелерді бұзғандар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Бейнежазба: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚазАвтоЖол.
Жаңалықтар
- «Жасанды Күн»: Қытай әлемдегі ең ірі термоядролық магнит жасады
- «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды