Ақмола облысындағы «Таза Қазақстан» акциясына БАҚ өкілдері қатысты
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін Көкшетауда оған БАҚ өкілдері қатысып, әрқайсысы журналистерге арналған жаңа аллеяға жеке ағаш отырғызды.
Акцияға облыстық және қалалық БАҚ-тан басқа, республикалық басылымдардың меншікті тілшілері де қатысты.
Журналистер бірауыздан Көкшетау қаласының орталық саябағы аумағында пайда болған жаңа аллеяға ағаш көшеттерін отырғызды. Экологиялық акцияға қатысушыларды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының орынбасары Гүлмира Кәрімова қарсы алды.
«Құрметті әріптестер, журналистер, редакторлар және журналистика саласының ардагерлері, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен облысымызда экологиялық шаралар белсенді өтуде флешмобтар мен басқа да акцияларды ұйымдастыру мақсатында қалалық ішкі саясат басқармасының бастамасымен ашылатын журналистердің жеке аллеясына барлықтарыңызды шақырдық», – деді Гүлмира Тоқтарқызы.
Акция облыстағы журналистер бауырластығын арттыра түсті. Енді әркімнің ұрпақтан-ұрпаққа басылым тарихын жеткізіп, отансүйгіштікке, туған жерге, оның табиғатына деген сүйіспеншілігін оятатын өз ағашы бар.
Жиналғандардың айтуынша, бұл оқиға Ақмола облысы журналистикасының тарихында қалатын жақсы жаңалық. Өйткені отырғызылған ағаштар экологиялық акцияға қатысқан әрбір адамның тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді деп сенеді қатысушылар.
Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қаладағы 30-дан астам БАҚ өкілдері қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық