Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
Фото: gov.kz
Ақмола облысының Қорғалжың ауданында еріген қар суынан Шөптікөл бөгеті жарылды. Оқиға орнында дереу облыс әкімі Марат Ахметжанов пен төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасы Серік Жүнісбеков барды. Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның жетекшілігімен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше Сабынды ауылын су басу қаупі жоқ.
«Жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ күштері және тұрғындардың қатысуымен Астана – Қорғалжың республикалық автожолының жол жамылғысы деңгейін көтеру арқылы еріген суды дала аймағына бұру жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады әкімдіктегілер.
Апат болған орынға 56 техника және 230-дан астам жергілікті тұрғын мен ТЖМ жеке құрамы барды. 5 мың қап және 50 мың тонна инертті материал дайындалып, 800 метр жер үйіндісі төселді.
Айта кетейік, Шөптікөл бөгетінің сыйымдылығы 4,71 млн текше метр. Су айдыны аумағы 157 гектар, орташа тереңдігі шамамен 3 метр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық