Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды
Фото: Ашық дереккөзден
Ақмола облысында балықтың қырылуына себеп болған спирт зауытына 21 млн теңге айыппұл салынды, олар өзенге ағынды су төккен, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақмола облысында Айдабұлақ өзеніндегі жаппай балық қырылуына кінәлі мекеме анықталды. Ол жергілікті спирт өндіретін зауыт болып шықты.
Ақпан айының басында тұрғындар өзен суының түсі өзгеріп, жағымсыз иіс шыға бастағанын, ал су бетінде өлі балықтар пайда болғанын байқаған. Тексеруге келген экологтар зауыттан өзенге лас су ағызып жатқан құбырды тапты.
Кәсіпорын өкілдері бұл жағдайды абайсыздық деп түсіндіріп, «біреу ысырманы толық жаппаған» деп ақталды.
Сараптама нәтижелері судың балықтардың қырылуына себеп болған химиялық заттармен қатты ластанғанын көрсетті.
Зауытқа 21,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, барлық заңбұзушылықты жою туралы қатаң нұсқама берілді.
Экологтар кәсіпорынның ағынды суды төгуін толық тоқтатып, табиғатқа зиян келтірудің қайталанбауын жеке бақылауға алатынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық