Ақмола облысында балалар футбол командасы бар автобус аударылып, жаттықтырушы қаза тапты
Фото: Ақмола облысының ІІД
Жол-көлік оқиғасы 18 сәуірде болды. Шағын автобустың салонында 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала және 1990 жылы туған жаттықтырушы болды. Ол көлік ішінде қысылып қалып, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Астана-Ерейментау-Шідерті автожолында «Мерседес» маркалы шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жүргізуші жүк көлігін басып озып, салдарынан автобус аударылып қалған деп болжануда», деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бара жатқан.
Барлық балалар медициналық мекемеге жеткізілді және дәрігерлердің бақылауында.
«Жеті кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі - реанимация бөлімде. Нейрохирургтің кеңесімен симптоматикалық емдеу ұсынылды. Қалған алтауы жеңіл және орташа дәрежедегі жарақаттарымен хирургиялық бөлімшеге орналастырылды. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты. Жағдай бақылауда», деп хабарлады Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық ІІД хабарлағандай, жеке меншік спорт мектебінің басшылығы жол жүру туралы полицияға хабарламаған, сондықтан патрульдік көліктердің еріп жүруі ұйымдастырылмаған.
Жаңалықтар
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды