Ақмола облысында 730 миллион теңгеге қазандық сатып алмақ болды
Сурет көрнекілік үшін
Ақмола облысындағы аудан әкімдігі 730 миллион теңгеге заңсыз қазандық сатып алмақ болды. Прокуратура мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтарды анықтады.
Ақмола облысының прокурорлары 730 миллион теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Ауданның жергілікті атқарушы органы жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында блок-модульдік қазандықты бәсекелестіксіз тәсілмен, яғни тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды көздегені анықталды» делінген хабарламада.
Облыстық прокуратурада түсіндіргендей, прокурорлық қадағалау актісімен аталған сатып алудың күші жойылып, ашық конкурс арқылы сатып алуды ұйымдастыруға қатысты жылдық жоспарға өзгерістер енгізілді.
«Аудандық прокуратура алдын ала 730 млн теңгеге заңсыз сатып алудың жолын кесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етті» деп қосты прокуратура.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады