Ақмарал Әлназарова сотта мәжіліс депутаты Базарбекке қарсы сөйлей ме?
Фото: Бейнежазбадан кадр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекке қатысты сот процесіне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әңгіме мəжілісменге қарсы іскерлік беделді қорғау туралы талап-арыз жөнінде болып отыр. Арызды елордалық медициналық ұйым берген.
Бұған дейін Базарбек жеке медициналық ұйымдарды бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және лицензиясыз қызмет көрсету сияқты ауыр заңбұзушылықтар жасаған деп көпшілік алдында айыптаған болатын.
Журналистердің сұрағына жауап берген денсаулық сақтау министрі ведомствоның дауға тікелей қатысы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл іс жеке субъект пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасындағы текетірес.
«Денсаулық сақтау министрлігі қандай да бір тараптың қатысушысы болмайды. Мұнда жеке субъект пен МӘМС қоры арасындағы мәселе қаралып жатыр. Министрлік бұл процеске қатысуды жоспарламайды», — деді Әлназарова Үкіметтегі брифингте.
Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 2020 жылғы 24 желтоқсандағы денсаулық сақтау министрінің бұйрығын сынға алған болатын. Бұл бұйрыққа сәйкес, медициналық көмек көлемін қолдан көбейту, жалған есеп жасау және басқа да заңбұзушылықтар ұрлық ретінде емес, «дефект» ретінде қарастырылады. Депутаттың айтуынша, бұл тетіктер бюджет қаражатын жымқыру фактілерінде де қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық