Аққулардың жаппай қырылуынан кейін Rixos Aқтауға қатысты іс қозғалды
Аққулардың жаппай қырылуынан кейін Ақтаудағы Rixos қонақ үйіне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті басылым Ладаға сілтеме жасап.
«Тексеру қорытындысы бойынша «Aktau Tourism Ltd» компаниясының табиғатты қорғау заңнамасы талаптарын сақтамағаны анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 331-бабының 2-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды» делінген хабарламада.
331-бап – Ауа мен су нысандарын ластану және бітелуден қорғау жөніндегі талаптарды бұзу.
328-бап – қоршаған ортаға әсер ету, нормалардың бұзылуына жол беру.
Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл есептелінуде. Департамент Қаракөл көліне ағынды суларды ағызуды, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының рұқсат етілген нормалары мен қалалық кәріз желілеріне ағынды суларды төгу - тазартуды қалпына келтіргенге дейін тоқтата тұру қажеттілігі туралы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.
Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылғаны 2023 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Алғашында өлекселерді тексерген ғалымдар бұның себебі құс тұмауы деген қорытындыға келді.
Дегенмен квадрокоптермен түсірілген видеода қонақ үйден шыққан кәріз суының тікелей Қаракөл көліне құйылып жатқаны көрсетілген. Маңғыстау облысының жұртшылығы аққулардың жаппай қырылуына осы кәріз суының төгілуі себеп болғанына бек сенімді екендерін жазып, әлеуметтік желіні шулатты.
Сонымен қатар жергілікті тұрғын түсірген осыған ұқсаған видео Адырна ұлттық порталында да жарияланған болатын.
10 қаңтарда Қаракөл көліне құйылып жатқан кәріз ағындысында артық ластаушы заттардың шектен тыс екені анықталып, Rixos Water World Aktau компаниясына жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Дей тұрсақ та мамандар Маңғыстау облысындағы аққулардың қырылуына құс тұмауы себеп деуден әлі күнге дейін танар емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық