«Әкімшіліктегілер памперс киіп жүр»: желідегі жазбасы үшін сотталған азаматтың жазасы ауырлауы мүмкін
Фото: freepik.com
Түркістан облысында 70 жастағы азаматтық белсенді Әуелбек Шонжанның жазасы қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Кеше, 9 қаңтар күні Түркістан облыстық сотында прокурор «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабымен (274-бап) бір жарым жылға шартты жазаға сотталған 70 жастағы азаматтық белсенді Әуелбек Шонжанның жазасын қатаңдатуды сұрады. Әуелбек Шонжан Facebook парақшасында «ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің қытайларға беріліп жатқаны» жөнінде жазған.
Арыс қалалық соты Шонжанға қатысты үкімді 2024 жылдың 24 қыркүйегінде шығарған еді. Жәбірленуші ретінде Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы танылған.
Мәліметтерге сүйенсек, Әуелбек Шонжан 2024 жылдың наурыз айында Facebook парақшасында Анық Жақып ауылына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің қытайға беріліп жатқаны жөнінде жазба жариялаған.
«Міне, қазақ, жеріңнің кеткені қытайға», «Арыс қаласы әкімшілігіндегілер памперс киіп жүр, әкімнен бастап. Қысқасы рейдерство – қазақтың жерін басып алу» деп жазды ол.
Оған қоса «Бүгін қытайлардың ауыл шаруашылығы жерлеріне «ие» болуы Арыс қаласынан бастау алса ары қарай тегістей Түркістан, Қызылорда облысы... сонда нең қалмақ, отандастар» деп «қоғамдық тәртіпті бұзу, жер, ауыл шаруашылығы саласына қатысты мемлекеттік мекемелердің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіріп, көрінеу жалған ақпарат таратқан».
Азаматтық белсенді Қытай азаматтарына заңсыз жер беріліп жатқаны туралы теріс ой қалыптастыраған.
Прокурор қалалық сотта Шонжанның жазған мәтіні қоғамға қауіпті ой туғызғанын айтады. Сондықтан прокурор соттан жазаны қатаңдатып бас бостандығынан айыруды, қосымша жаза ретінде қоғамдық-саяси қызметпен және әлеуметтік желіде публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрады.
Азаматтық белсенді бұл айыптармен келіспейді. Ол өзін ақтауды сұрайды.
«Әлі күнге қай жазбамда жалған ақпарат таратқанымды білмей отырмын. Үндеу жасауға айдап салды дейді. Мен ешкімге бар деп жазған жоқпын» - дейді азаматтық белсенді Азаттыққа.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық