Әкімдіктер, министрліктер, судьялар: Қазақстанда жемқорлықпен кім көбірек «ауырады»?
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот отырыстары жиі болып кетті. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында сотқа 405 айыпталушының ісі жолданған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық. Айыпталушылар арасында үш әкім, бір судья және әкімдік қызметкерлері, ІІМ, Қаржы министрлігі мен өзге де мекемелерден ондаған қызметкер бар. Ең көп пара алып, қылмысқа баратын әкімдік пен ішкі істер органдарының қызметкерлері екен. 2024 жылғы жаһандық сыбайлас жемқорлық жайлы индексте Қазақстан 180 елдің ішінде 88-орынды иеленді, деп хабарлайды Orda.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.
2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда 640 адам сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша күдікке ілінді. Бұл – былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3%-ға аз. Алайда құқық бұзушылардың саны керісінше өсіп, 445-тен 464 адамға жетті (+4,3%).
Осы мерзімде сотқа 405 іс жолданды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға көп.
Айыпталушылардың ішінде әкімдіктер мен оларға қарасты құрылымдардың қызметкерлері көш бастап тұр.
- Әкімдіктер мен оларға қарасты орындар — 66 адам (бірақ бұл 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға аз).
- Одан кейінгі орында – ішкі істер министрлігінің қызметкерлері (49);
- Қаржы министрлігі (16);
- Ауыл шаруашылығы министрлігі (11);
- ҚАЖ комитеті (7).
Жалпы, 12 министрліктен 57 қызметкердің ісі сотқа өтті (өткен жылы – 54). Бұл деректер тек министрліктерге қатысты, өзге мекемелер туралы мәлімет қосылмаған (мысалы, ІІМ бойынша деректер іріктеп алынған).
Сотқа үш әкімнің (былтыр – біреу ғана) және бір судьяның ісі де жолданған.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының ішінде ең көп тіркелгені – пара алу (167 жағдай, +27,5%).
Бұл бойынша ең жиі айыпталғандар:
- ІІМ қызметкерлері (22);
- Әкімдік өкілдері (13);
- Қаржы министрлігінің қызметкерлері (9);
- Екінші орында – пара беру (99 жағдай);
- Үшінші орында – алаяқтық сипаттағы жемқорлық істері (71 жағдай).
2024 жылғы дүниежүзілік «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 88-орынға тұрақтап, 100 ұпайдың 40-ын ғана жинаған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Вьетнаммен, Суринаммен және Солтүстік Македониямен бір деңгейде. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың 17%-ы былтыр пара беруге мәжбүр болғанын айтқан. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Дания мен Финляндияда небары 1%.
ТМД елдері арасында Қазақстан Армения (63-орын) мен Молдова (77-орын) елдерінен кейін үшінші орында. Аталған елдерде тұрмыстық жемқорлық Қазақстаннан да жоғары. Мысалы, Арменияда – 19%, Молдовада – 22%.
Украина – 105, Беларусь – 114, Өзбекстан – 121, Қырғызстан – 146, Әзірбайжан мен Ресей – 153-орында тұрақтаған, Тәжікстан – 164, Түрікменстан – 165-орында тұр.
Еске сала кетсек, Қазақстанның бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, Руслан Омаров және тағы бір бұрынғы вице-министр Дәулет Арғындықовты 28 маусымда пара алып-беріп жатқан кезде ұсталды.
Олар шамамен 75 мың АҚШ доллары (шамамен 39 миллион теңге) пара алып жатқан еді.
Сарбасовтың, Омаров пен Арғондықовтың үйлерін тінту кезінде 370 мың доллар мен 4,5 миллион теңге табылды. Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық