Әкімдіктер бюджеттен бөлінген 40 миллиард теңге қаражатты игере алмады
Фото: Егемен Қазақстан
Әңгіме республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалану туралы болып отыр. Олар жыл сайын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне даму бағдарламалары мен қолданыстағы өңірлік бағдарламалар үшін бөлінеді. Өткен жылы еліміздің әкімдіктері 40 млрд теңгеге жуық нысаналы трансферттерді игермеген, деп хабарлайды Orda.kz Finprom агенттігіне сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, 2024 жылы республикалық бюджеттен 1,9 триллион теңге бөлінсе, оның 276,4 миллиард теңгесі ағымдағы бағдарламаларға, 1,5 триллион теңгеден астамы даму бағдарламаларына бөлінген.
Әкімдіктер 97,9 пайыз игерген, яғни 2,1 пайыз қаржы өз мақсатына игерілмеген. Ал бұл шамамен 40 миллиард теңге.
Трансферттерді игеру бойынша Астана көш бастап тұр: игерілгені – 100%. Шығыс Қазақстан (орындалмағаны – 69,8 млн. теңге, оның ішінде бюджеттік үнемдеу – 8,1 млн. теңге, игерілмегені – 61,7 млн. теңге) және Қызылорда облыстарына (орындалмағаны – 120,8 млн. теңге) әрқайсысы 99,9%, бюджеттік үнемдеу – 36,6 млн.теңге, игерілмейтіндер – 84,3 миллион теңге). Үздік бестікке Түркістан облысы мен Шымкент қаласы да кірді (әрқайсысы бойынша 99,8% көрсеткіш).
Сарапшылардың айтуынша, бюджет қаражаты ең аз игерілген өңірлердің қатарында Маңғыстау (орындалу үлесі – 85,1%), Атырау (94,2%) және Ақмола (97,2%) облыстары бар.
Жалпы, Қазақстанның 20 өңірінің 9-ында нысаналы трансферттердің орындалмауы 1 миллиард теңгеден асты. Бұл ақша халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын жобаларға жұмсалуы керек еді, бірақ түрлі себептермен олай болмады.
Жаңалықтар
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді