Әкімдер атынан «сөйлеген» жалған ЖИ роликтер таралуда
Фото: Егемен Қазақстан коллажы
Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы (КШТТО) ЖИ көмегімен жасалған жалған ақпарат көбейгені туралы ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
КШТТО облыс әкімдері мен басқа да шенеуніктердің ЖИ көмегімен жасалған бейнелері табылғанын хабарлады.
«Бұның барлығы 7 және 9 мамырда ақшалай сыйақы үшін рұқсат етілмеген акцияларға («Өшпес полк», «Референдум» және т.б.) қатысуды ұсынатын көптеген боттардың таратылуы арқылы қолдау тауып жатыр» деп жазылған хабарламада.
Әлеуметтік желілердегі деструктивті әсер ету әрекеттеріне жол бермеу және ақпаратты мұқият тексеру ұсынылады.
КШТТО - Орталық Азиядағы киберқауіпсіздікпен айналысатын («ақ хакерлер» деп аталатын) ірі ұйымдардың бірі.
17 сәуірде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарды «Өшпес полк» акциясына қатысуға шақырған видео пайда болды.
Ол кезде видео облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасы ретінде ұсынылған мәтінмен бірге берілді. Онда 9 мамырда Петропавлда акция өтетіні және оған өңір басшысының өзі қатысатыны айтылған.
Кейінірек облыс әкімінің баспасөз қызметі облыс әкімімен жасалған бұл хабарлама мен бейненің жалған екенін ресми түрде хабарлады. Әкімдік сондай-ақ, жалған ақпарат тарату фактісі бойынша полицияға арыз берген. Полиция тексеру жүргізуде.
22 сәуірде желіде жергілікті телеарналардың бірінің логотипімен СҚО әкімімен жаңа бейнежазба таратыла бастады. Ғауез Нұрмұхамбетов «сұхбатында» өңірді газдандыру туралы айтады. Бұл ролик те жалған болып шықты.
Дәл осылай әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Өшпес полк» акциясын өткізуге қатысты «мәлімдеме жасап», өзіне төнген қауіп туралы «айтып» отырған жалған бейнетүсірілім таралды. Бұл ақпарат та жалған.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды