Әкім мен әкелік дау: Маңғыстау облысының әкімі некесіз баласының әкесі екені сот шешімімен расталды
Коллаж Orda.kz
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ақыры ресми түрде облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды, деп хабарлайды, Orda.kz.
Әкімнің жеке өмірі мен әкелік мәселесі төңірегіндегі елге жайылған әңгімеге сот нүкте қойды. Бұған дейін, Наурызованың облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан 2022 жылы бір ұл туғанын айтып, ол әкелігін мойындамады деп сотқа берген еді. Наурызова әлеуметтік желілерде ашық мәлімдеме жасап, үш жасар ұлы Әмре Наурыздың әкесі — облыс басшысы екенін айтты. Оның сөзінше, Қилыбаймен арада романтикалық қарым-қатынас болған, алайда бала дүниеге келген соң шенеунік өмірінен ғайып болған. Өз кезегінде әкім бұл айыптауларды тек бір рет жоққа шығарып, оларды «шындыққа жанаспайды» деп қысқа ғана қайырған еді.
Енді міне, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот дауды түйіндеді. Әкім Нұрдәулет Қилыбай ресми түрде облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды. Қилыбай бала кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы жалақысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндеттелді.
Бұл оқиға өңірден тыс жерлерде де кеңінен талқыланды. Бұған дейін Наурызова президент Тоқаевқа ашық хат жазып, өзін қорқытып, үнсіз қалдыруға тырысып жатқанын мәлімдеген. Ол бір жыл бойы түрлі мекемелерге жүгініп, ДНҚ сараптамасын өткізу мен әкелік құқығын ресми түрде мойындатуды талап етті. Енді баланың туу туралы куәлігіне өзгерістер енгізілуі тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық