«Әкем жалаңаш құшақтады»: Қызын қорғаймын деп жазаланған ана әділдік сұрайды

cover Фото: Orda.kz

Жанат Уәлиева өз аты-жөнін жариялап, өзінің мәселесін жұртшылыққа ашық айтуға мәжбүр болып отыр. Екі жыл бұрын ол алты жасар қызын бұрынғы күйеуі зорламақ болғанын, қорғану үшін оны жарақаттағанын баяндайды. Ер адамды баласынан ажырату үшін әйел пышақ салып жарақаттаған. Сол арада оны ауыр дене жарақатын салғаны үшін соттады. Оның айтуынша, тергеу органдары қызын зорлауға қатысты іске кіріспей отыр.

Orda.kz тілшісі Жанат Уәлиева өткізген баспасөз мәслихатына қатысып қайтты.

Бұған дейін Orda.kz тілшісіне Жанат ханым сұхбат берген болатын.

«Неліктен тергеушілер бірнеше рет балаға тиісіп, қылмыс жасаған адамды қорғайды?» деп сұрайды бет-жүзін ашық көрсетуге мәжбүр болған әйел.

Әйелдің айтуынша, екі жыл бұрын бұрынғы күйеуі Амангелді Жақыпов оны зорлап, кейін туған қызын да зорламақ болған. Бұған дейін ажырасқан жұбайлар жеті жыл бойы көріспеген. Әйел жүкті кезінде ұлына күйеуі тиіскен соң қаладан кетіп қалған. 

Шымкентте қылмыстық іс қозғалғанымен, Жақыпов сол кезде жазадан құтылып, кінәсіз деп танылған. Сот-медициналық сарапшы, оның бұрынғы күйеуінің жақын танысы болып шыққан, оның айтуынша, ол сараптама барысында жағдайды толық көрсетуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан, себебі олар көрші болып шыққан. Ал былай тысқарыда ол әйелге, өгей әкесі «баланың тік ішегіне өзінің жыныс мүшесін үйкегенін» растайтынын айтқан.

Алматыда Жанат ұлының физикалық және психикалық денсаулығын қалпына келтіріп, қызын дүниеге әкелді. Жақыпов өз қызын іздемеген. Тіпті бас тартқан деп айтады Жанат. 2022 жылы ол әйелді балаларға алимент төлемегені үшін арестке түскен өз есепшотын шешуге көндіру үшін келген. Кішкене қызы әкесінің қалада екенін біліп, оны өмірінде бірінші рет көргісі келгенін айтқан. Сонымен Жанат ер адамды үйіне шақырады. Бірақ оның келуі осындай сұмдық жағдайға әкелетіні үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады.

«Мені зорлап, сосын қызымды да зорламақ болды»

«Менің әділдікке деген сенімім қалмады. Халқымның қолдауын сұраймын, осы сорақылықты тоқтатуға көмек көрсетіңіздер. Қазір балаларым өте ауыр жағдайда. Төрт жылдан кейін мені түрмеге жабады, себебі мен өз баламды үйде зорлық-зомбылықтан қорғадым. Ол ажырасқанымыздан соң жеті жылдан кейін үйге келді. Өзі алкоголь мен психотропты заттар ішкен. Бұрын ол менің үлкен ұлыма азғындық жасаған болатын. 2016 жылы Шымкентте қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдарының генералы Дарбековтің қысымымен іс жабылды», – деп бастады Жанат баспасөз конференциясында. 

Ол Жақыповты не себепті үйіне шақырғанын және оқиғалардың қалай өрбігенін баяндап берді.

«Ол 11 қыркүйекте қоңырау шалды. Қызым қасымда жүрді. Ол қоңырауды естіп, әкесін көргісі келетінін айтты. Мен оны өзгерген шығар, ақылға келген шығар деп ойладым. Түнде қызым ауырып, қызуы өте жоғары болды. Ауырып жатып, ол әкесін көргісі келетінін айтты. Содан оны үйге шақырдым. Бұл менің отбасым үшін қайғылы жағдайға айналатынын білмедім. Ол мені зорлады, кейін қызыма жабысты. Ол бізді өлтіруге келді. Есікті ішінен жауып тастады. Ол өте қарулы адам еді. Менде басқа амал қалмады. Қолыммен де, аяғыммен де алысып, үтікпен, содан кейін орындықпен де ұрып,  оны қызымнан ажыратуға тырыстым. Бірақ оны қозғалта алмадым. Қолыма пышақ алу керек болды. Мен оны пышақпен тоқтатқаннан кейін ғана ол лезде тұрып маған ұмтылды. Біз ас үйде төбелестік. Ол мені басымнан, мұрнымнан, аузымнан ұрды. Мені пышақпен тіліп жібермек болды, бірақ балаларым оны тоқтатты», — деді Жанат. 

«Қызымның аузына мүшесін тықпақ болды»

Жанаттың пікірінше, тергеу әу баста дұрыс жүргізілмеген.

«Ол қызымның шалбарын шешіп тастады, ал құқық қорғау органдары оны заттай дәлел ретінде қабылдаудан бас тартты. Ол өзінің жыныс мүшесін оның аузына салмақ болды. Мен оның туған қызына қалай ол бұлай жасағанын ұқпаймын. Екі жыл бойы тергеу дұрыс бағытта жүрмеді. Қазір іс кәмелетке толмағандарға жасалған азғындық туралы бап бойынша қаралып жатыр. Бірақ бұл зорлық жасауға талпыныс еді. Ол қызымның үстіне жалаңаш күйінде жатты. Куәгерлер бар. Балалар да бұл жағдайды растайды. Ал өзі әлі күнге дейін бостандықта жүр», – деді Жанат көз жасына ерік беріп.

Тергеушілер дәлелдерді елемейді

Әйел баспасөз конференциясына алып келген екі пакеттегі заттарды көрсетті.

Оның пікірінше, тергеу ол сақтап жүрген дәлелдерді заттай дәлел ретінде қабылдаудан бас тартып жатыр. Бұл Жақыповтың қаны тамған қыздың шалбары, сондай-ақ қан дақтары бар бос арақ бөтелкесі. Ол арақты сол күні Жанаттың үйінің жанындағы дүкеннен сатып алған. Ішімдікті бұрынғы күйеуі ішкен.

«Әлі күнге дейін бұл заттар алынған жоқ. Міне, сол күні ішкен арақтың бөтелкесі. Тергеу бойынша, ол сол күні мас болмаған. Бірақ бөтелкеде оның қанының дақтары бар. Міне, қызымның шалбары, оны шешпек болған. Олар алынған жоқ. Оларға қатысты ештеңе жасалмады», — деді Жанат. 

Құқық қорғаушы Инга Иманбай қыздың және оның анасын қорғаушы, балалар Жанаттың айтқандарын растайтынын атап өтті.

«Алдымен ол Жанатты жуынатын бөлмеде зорлады. Балалардың айтуынша, ол олардың бөлмесіне жалаңаш күйінде кіріп, қызды алып кетті, ал ұлын бөлмеге кілттеп қамады. Бірақ есігі әйнектен жасалған. Ұл бәрін көрді. Ол есікті бұза алмады. Бірақ бәрін өз көзімен көрді. Ер адам жалаңаш күйде қызды алып кетті, оның үстіне жатты, ал анасы оны қолынан келгенше қызынан ажыратпақ болды. Алдымен өз күшімен оны әкетуге тырысты, кейін табуреткамен ұрып, ақырында оны тоқтата алмайтынын түсінгенде, ас үйден пышақ әкелді. Оған тек пышақ салғанда ғана барып ол абдырап, әйелді ұрып-соға бастады», — деді заңгер. 

Куәгерлерді тыңдамайды

Жанаттың келіні, онымен аттас Жанат есімді әйел де куәлік бере алатын еді. Оларды әкетуге оқиға орнына бірінші болып келгенде осы келініне балалар болған оқиғаны баяндап берген. Бірақ тергеушілер оны куәгер ретінде шақырған жоқ.

«Түнгі тоғызда біз балаларды алып кеттік. Олар жылап тұрды. Киімдері қан-қан. Аяқ киімдері жоқ еді. Үйде қан өте көп болды, заттар сынған. Жанат сұмдық күйде болды. Үйде полиция қызметкерлері келді. Шамамен сегіз адамдай. Ол өзі полиция шақырды. Біз балаларды алып кеттік. Олар ұзақ уақыт бойы сабасына түсе алмады. Оларға валерьянка бердік. Олар ұзақ уақыт бойы «папа мамаға қол көтерді» деп айқайлады. Қыз «папа мені құшақтады» деді. Ол жалаңаш еді. Бұл өте қорқынышты жағдай. Біз де төбемізден жай түскендей күйінде болдық, қатты қорықтық. Қыз не бары алты жаста. Үш күн бойы мен балаларды сабасына түсіре алмадым. Олар үнемі жылап, «мама қайда?» деп сұрай берді. Қыз үнемі «папа мені былай құшақтағысы келді» деп көрсете берді», - деп хабарлады әйел. 

Жанат туысқанының кінәлі болып шыққанына таңқалып отыр. Ол Жақыповты ішімдікке құмар адам ретінде танитынын айтты.

«Неге бұл істе әділ тергеу жүргізілмейтінін түсінбеймін. Неге тергеуге сәйкес ол сол күні мас болмады деп көрсетілген? Мен бұл адамның көп ішетінін білемін. Оған дейін оны қаншама рет көрдім, ол үнемі ішіп жүретін. Шымкентте бәрі біледі, ол ешқашан сау жүрмейді», — деді ол. 

Жанаттың айтуынша, басқа да куәгерлер бар. Бірақ оларды тергеу процесінде сұраған жоқ. Мысалы, балконда Жақыповпен айқасып жатқанын көрген көкөніс сатушысы, дүкеннен ішімдік сатып алған жерде тұрған сатушылар, көршілер.

Көзбе-көз кездесуге келгісі келмейді

Жанат пен оның қорғаушысының пікірінше, тергеу Жақыповқа өте жұмсақ қарап, іс судьяға жетпей отыр. Полиция оны Шымкентте сұраған. Ал көзбе-көз кездесуді өткізуге сұрау салған кезде, ол келуге құлықсыз екенін айтқан және бұл шешіміне ешкім ықпал ете алмайтынын айтқан.

«Біз тек заңды тергеу іс-әрекеттерін талап етіп отырмыз. Неге пышақ салған Жанатқа қарсы іс тез және агрессивті тергелді. Ал осы адамның әрекеттері, мысалы өз туған қызын зорлауға тырысқаны және Жанатты зорлағаны істе жоқ. Онда бірнеше бап бар. Бірақ тергеушілер және полиция оған жұмсақ және гуманистік тұрғыдан қарайды, олар оны көзбе-көз кездесуге әкелуге болмайтынын айтады», — деп мәлімдеді Инга Иманбай
«Біз оның сотта кім деп танылып тұрғанын білмейміз. Біз тергеудің қалай жүріп жатқанын білмейміз, өйткені соңғы бірнеше бойы тергеуші менің қоңырауларыма жауап бермей отыр», — деп атап өтті адвокат. 

Полиграфтан өтесіз бе?

Алайда құқық қорғаушы тергеушінің Жанатқа ерекше қысым болып жатқанын алға тартты.

«Тергеуде Жанат бәрін айтты. Балалар оның айтқандарын растады. Бірақ менің көзімше тергеуші оны қорқытқысы келді. Ол: «Сіз түсінесіз бе, сіз енді айыпталушы емес, жәбірленушісіз. Егер сіз жалған сөз айтсаңыз, бұл үшін заң бар», — деп айтты. Бірақ Жанат оның айтқанын екі жыл бойы қайталап келгенін, жауапкершілік туралы толық хабардар екенін, өйткені оның заң жағынан жоғары білімі бар екенін айтты. Бірақ тергеуші әрі қарай полиграфпен қорқытты, «Жалған айтсаңыз, детектормен сұрақ-жауап өткіземіз» деді», — деп мәлімдеді Иманбай. 

Жанат осы процедураға келісіп, тіпті неге оны екі жыл бұрын өткізбегенін сұрады.

«Бастапқыдан бастап Жанатқа дискриминация жасады. Оқиға кезінде бұл ер адам ғана зардап шеккен жоқ. Ол да зардап шекті. Бірақ екі жыл бұрын полиция бұл істі біржақты қарады. Оның денесінде барлық жарақаттар болғанына қарамастан, оны тексермеген. Оған жедел жәрдем шақырылмаған. Үш күн бойы оны жертөледе ұстап, НКВД-дегідей, тамақ пен су бермей үздіксіз тергеген. Ол түсініктеме беріп, арыз жазды. Бірақ оның барлық шағымдары табан астында жоғалып кетті. Ал оның үстінен 106-бап бойынша іс өте тез тергеліп, сот өтті», — деді Инга Иманбай. 

Жанаттың пікірінше, прокурорлардың әрекеттері сот үкіміне қайшы келеді. Соттың үкімі жарияланғаннан кейін, оны уақытша ІІБ-ға алып кеткенде, прокуратура бөлек сұрау жолдап, балаларды Жақыповқа қалдырмай, Жанаттың туыстарына беру туралы шешім қабылдаған. Себебі ол әлі де ата-ана құқықтарынан айырылмаған, сондықтан қызының тәрбиесіне қатысты талап қоюға құқылы.

«Жанат ісі біздің қоғамда, әсіресе полиция арасында әйелдерге қатысты дискриминацияның бар екенін көрсетеді», — деп қорытындылады Жанаттың қорғаушысы.

Редакция Алматы қаласының полиция департаментіне арнайы сауал жолдады. Қазіргі уақытта жауап күтіп отырмыз. Сонымен қатар, біз балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға хабарластық. Ол бұл іс бойынша «адвокатпен хабарласып отырғанын» айтты, бірақ тергеу туралы мәліметтерді жариялаудан бас тартты.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар