«Әкелерін де өлтірген»: анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар жанайқайын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр
Түркістан облысының Келес ауданында болған қанды оқиғадан анасы мен сіңлісінен айырылған қыздар Үкімет басшыларынан көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде қыздардың видеоүндеуі тарады.
“Біз – Ақдидар Толғанбаева Ерланқызы, Райхан Толғанбаева Ерланқызы. ҚР Бас прокурорынан, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан көмек сұраймыз. Анамыз бен сіңілімізді айуандықпен өлтірген Ақанов Абай Асхатұлын өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз”, - дейді қыздар.
Апалы-сіңілілердің сөзінше, осыдан 15 жыл бұрын әкелері де кісі қолынан қаза тапқан.
“Осыдан 15 жыл бұрын 28 қазан күні әкеміз Байболатов Ерлан Толғанбайұлы кісі қолынан қаза тапқан. Іс мүлдем қозғалған жоқ. Әкеміз өмірден өткеннен кейін анамыз әкенің де, ананың да орнын басып, осы күнге бізді жеткізіп еді. Өзі сіңілім екеуі кісі қолынан қаза тауып отыр”, - дейді олар.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында ер адам оқушы қыз бен оның анасын өлтіргенін хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық