Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан

cover Фото: Polisia.kz

Оқиға Түркістан қаласында болған. Түнгі уақытта бетперде киген екі жас жігіт айыппұлға ашуланып, көшеде ұзын таяқтың көмегімен камера ілінген төрт құрылғыны қиратқан, деп хабарлайды Orda.kz.    

Осылайша олар мемлекетке 700 мың теңгеден астам шығын келтірген. 

Қылмысты ашу барысында полицейлер жақын маңдағы бейнебақылау камералары жазбаларын мұқият зерттеген. Нәтижесінде күдіктілердің бейнежазбасы табылып, жеке бастары анықталды, олар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

Аталған факті бойынша «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер бұл қадамға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлға наразылық білдіру үшін барғанын мойындады. Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.

Полиция қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар