Айып тағылған Гүлнара Каримова сотта жеңіп шықты
Швейцария сотында жеңіп шыққан Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова бұғатталған 350 миллион долларын қайтарып алуы мүмкін.
«Бұл Гүлнара Каримова үшін маңызды жеңіс. Федералдық прокуратура оның активтерін тәркілеп, осы процесте негізгі құқықтарынан айыруға тырысты», - деді швейцариялық адвокаты Грегур Манжа.
Қыркүйекте Өзбекстанмен келісім жасаған Швецария, 2012 жылдан бері Каримованың Швейцария банкінде қалып қойған 131 миллион долларын қайтаратынын мәлімдеген.
Осыған дейін Каримованың үстінен "ақша жымқыру" және "бопсалау" баптары бойынша үш рет қылмыстық іс қозғалып, үшеуінде де бұрынғы президенттің қызы кінәлі деп танылған. Оған "салықтан жалтарды", "қаржы жымқырды", "бопсалады", "офшор компаниясының құжаттарын жойды" дегеп айып тағылып, 2017 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Соңғы іс бойынша Каримованың 13 жыл 4 айға бостандығы шектелген болатын.
Мамырда Франция Өзбекстанға Каримованың 10 миллион долларын қайтарған. Бұл қаражат қазіргі таңда Өзбекстанның мемлекеттік бюджетіне аударылды.
Өзбекстан билігі активті қайтару бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей Федерациясы және өзге елдердің құзырлы органдарымен жұмыс істеп жатыр. Ақпарат бойынша, мәселе Каримованың 1,3 миллиард доллар активі жайлы болып отыр.
Қазіргі кезде Гүлнара Каримова Ташкент облысына қарасты Зангиат ауданындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық