«Айына 3 рет жалақы алған»: Ақша жымқырған есепшілер анықталды
Фото: freepik.com
Мектеп бухгалтерлері қараша айының басынан бері бюджетке 306 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Есепшілердің түрлі құйтырқы әрекеттерін Ішкі мемлекеттік аудит комитеті арнайы бағдарлама көмегімен анықтаған.
Аудиторлардың мәліметінше, бухгалтерлер жалақыны бірнеше есе заңсыз өсірген. Мәселен, Ақтөбедегі мектептердің бірінде құжат бойынша бухгалтердің еңбекақысы жылына 700 мың теңге шамасында болған. Ал іс жүзінде оның шотына ай сайын 3-5 миллион теңге аударылып келген.
«Қарағанды қаласындағы бір мектепте ондаған қызметкерге ақша аударылғанымен, ақша екі бухгалтердің карта-шоттарына түскен. Мұнда шығын сомасы 207 миллион теңге болды. Үшінші таралған әдіс – бюджет қаражатын тым үлкен сомамен қайта аудару. Мысалы, Петропавл қаласының бас бухгалтері мен информатика мұғалімі өздеріне айына үш реттен артық жоғары жалақы алған, жалпы шығын сомасы – 69 миллион теңге. Ішкі аудит комитеті қараша айының басынан бастап 306 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз аударылғанын анықтап, мекемелерге 259 хат жолдаған», - дейді Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің басқарма басшысы Олжас Нұқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық