Айтбек Амангелді Қаржаубайдың үйіне әдейі полиция жіберді - Перизат Нұрымова
Фото: Orda.kz
Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасы қайта қудалауға ұшырау алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен Айтбек Амангелді арасында дау туындаған. Кейін Шерзаттың отбасы құқық қорғаушы Айтбек Амангелдінің көмегінен түбегейлі бас тартты. Енді сотта олардың мүддесін адвокаттар Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов қорғамақ. Сот отырысы басталуына аз қалған уақытта тараған мәлімдемелерден кейін де тың ақпараттар белгілі болды.
Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымованың әңгімесін жариялады. Перизаттың айтуынша, Қаржаубайдың үйін тінту жұмыстары қайта басталыпты.
«Осы жағдайлар басталғаннан кейін Қаржаудың пәтеріне 2,5 ай бойы келмеген полиция келіп, тінту жүргізді. Олар Қаржауда қару-жарақ бар ма, тұрғылықты мекен-жайы дұрыс па деп тексеру жүргізіп жатыр екен. Бұл жайдан-жай болып жатыр деп ойламаймын. Бұл істерді Айтымның өзі істеп отыр ма? деген күдігім бар. 102-ні сол кісі жіберіп отырған сияқы», - дейді Перизат Нұрымова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық