Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды
Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Парламент Палатасының баспасөз қызметіне хабарлады.
– Бюро отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата аппаратының жаңа басшысын Ренат Құрметжанұлы Айтаевты таныстырды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілік Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған Ренат Айтаев 1976 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Кедендік бақылау агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде қызмет етті.
2010-2017 жылдары - премьер-министр кеңсесінің Индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.
2017-2019 жылдары - премьер-министр кеңсесі Басшысының орынбасары, премьер-министр кеңсесінің Әдеп жөніндегі уәкілі.
2019 жылы Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық