Айсұлтан Назарбаев мемлекеттік төңкеріс туралы ескерткен
коллаж: acca.media
Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев осыдан бір жарым жыл бұрын атасына қарсы жасалған қастандық туралы ескерткен болатын.
2020 жылдың 6 маусым күні ол өзінің Facebook-тегі парақшасында осындай хабарлама жазды.
«Жалғыз және бір ғана Құдай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сөзін жіберуді сұрады. Елбасы айналасындағылар салафиттер тобын құрды. Оларға барлық қажетті заттармен демеушілік жасап, оның ішінде қару-жарақпен де қамтамасыз етеді. Олардың саны 400-ге жуық. Олар билікті күшпен басып алуды орындау үшін барлық қажетті қарулармен қаруланған. Билікті күшпен алғысы келеді. Олар ормандар мен тауларда жасырынуда. Олардың бір бөлігі астанаға жақын орналасқан Орталық Қазақстанға көшірілді! Спутниктік және радарлық барлау оларды оңай таба алады! Бұл олардың екінші жоспары! Бірақ бұлай болмайды. Өйткені, альфа мен омега басталуы мен аяқталуы осылай еді!» деді Айсұлтан Назарбаев.
Біраз уақыттан кейін, Айсұлтан Facebook арқылы Владимир Путинге «Қазақстандағы жоспарланған төңкеріс туралы барлау мәліметтерін» беру үшін жүгінеді. Бұны қарапайым мемлекетаралық арналар арқылы емес, Назарбаевтың жеке қолына берсін деді. Мемлекеттік төңкерісті ЦРУ жасайды деп жазды.
«Қазақстандағы төңкеріс әрекетінің артында АҚШ-тың арнайы қызметтері тұр. Атап айтқанда, ЦРУ, олар салафиттер мен радикалды ағымдардың исламистерін қолданады. Барлығы діни немесе ұлтшылдық негізде басталады! ... Басты міндет Ресейді қоршап, оны бейтараптандыру үшін Ресейдің мұрнының астына тәртіпсіздіктер орнату болды. Бұл жоспар 1995 жылы жоспарланған болатын! ... Сондай-ақ, оған президенттің жақын ортасы да қатысты, бұл мұқият ойластырылған операция!» деп жазды ол үш күннен кейін.
14 маусым күні Айсұлтан оған президент істері басқармасынан дәрігерлер келіп, оның денесінде алкоголь мен есірткі бар екенін айтып, тест тапсыруға мәжбүр болғанын жазады. Жас жігіт мұны билікті басып алу туралы хабарламамен байланыстырды.
2020 жылы 16 тамыз — осы оқиғалардан екі ай өткен соң Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды. Британдық сарапшылар өлімнің себебі кокаинге тәуелділік деп шешті.
Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға мен оның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің баласы. Ол Сандхурстегі Британ корольдік әскери академиясын бітіріп, Қазақстан қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасы штатына қабылданды. Жауынгерлік операцияларға қатысқаны үшін британдық «ерлігі үшін» марапат алды. Футболмен кәсіби түрде айналысты: қазақстандық, аустриялық клубтарда ойнады. Сондай-ақ лондондық «Челси» мен «Порсмут» сапында өнер көрсетті. Англия чемпионатының қола жүлдегері.
2017 жылы Айсұлтан атасы Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан және австриялық түрмеде әкесі Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенінен кейін есірткіге тәуелді болып қалғаннын мойындады. Бірақ ол оған тәуелділікті жеңуге атасы Нұрсұлтан Назарбаев пен «Алла» көмектескенін айтты.
Ал 2020 жылдың ақпан айында ол «отбасының» қысымына байланысты Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Сондай-ақ ол жақын арада не өлетіні немесе не психикалық ауру деп жарияланатынынан қорқатындығын да айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Ақмола облысында бір тәулікте 230 гектардан астам дала өртенді
- Билік теракт деп атады: Мәскеудегі жарылыстан үш адам қаза тапты
- Семейдегі жаппай тексеру түрмеден адам қашқанына қатысты ма?
- АҚШ 50 елдің азаматтарына 20 мың долларға дейін визалық кепілдік енгізеді
- Ағайынды алты егіз мерзімді әскери қызметін бірге өткеріп жүр
- TikTok-тағы алаяқ «ҰҚК майорына» Петропавлда үкім шықты
- Түркияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
- Қазақстан Конституциясы мен домбыра Памир шыңына көтерілді
- «Қарасора – 2026»: Есірткі тасушы «жұмысын бастаған» әйелден 113 түйіншек табылды
- UIM F1H2O әлем чемпионаты: Орталық Азия мемлекеттері президенттері қатысты
- Әлемдік жанжал: ФИФА коммерциялық құқықтарын жеке инвесторларға сатпайтын болды
- Президент Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен тұрғындарды құттықтады
- Энергетика министрлігі: КҚК мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты байланыс орнатылды
- Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төрт жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
- Жамбыл облысында пара алды деген күдікпен полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Бір тәулікте Сеутаға 50 мың мигрант қашып келіп, 57 адам қаза тапты
- Тамыз айында еліміздің ауа райы қандай болады?
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды