Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Шымкентте 747 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ерекше ірі көлемде – 747 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына және «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Сатыбалды Гүлмираға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 2021 жылы іс жүзінде аяқталмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін төленген аса ірі сомада (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды» делінген Антикордың баспасөз қызметі хабарламасында.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.
Еске салсақ, 18 наурыз Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира қамауға алынды. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында.
Гүлмира Сатыбалдыға екі рейдерлік эпизод бойынша айып тағылған. Екеуінің де Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық