Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың жазында бостандыққа шығуды көздеп отыр
Фото: Ашық дереккөзден
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың жазының соңында бостандыққа шығуды көздеп отыр.
ҚазТАГ-тың дереккөзінің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдының ұстанымы - мемлекет өзіне талап етіп отырған дүние-мүлікті түгелдей тапсырып, қажетті соманы төлеу. Бұл сомалар мемлекетпен келісілген болса, онда ол барлық ақшаны, айыппұлды түгел төлеп, шілде-қыркүйек айларында бостандыққа шығуды көздеп отыр.
Еске салсақ, Сатыбалды бақылауындағы Alatau Capital Investments және Skyline Investment Company S.A компанияларына тиесілі «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 30 пайызға жуығын мемлекетке өткізген.
13 наурызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр.
14 наурызда «Қазақтелеком» кеңселерінде тінтулер жүргізілгені белгілі болды.
15 наурыз белгілі қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының рейдерлік әрекетке қатысы бар деген сұраққа жауап беруге уәде берді. 17 наурызда антикор Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеуінің ісі бойынша ұсталғаны туралы хабарлады. 19 наурызда ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Ол Шымкентте бюджеттің 747 млн теңгесін ұрлады деген күдікке ілінді.
23 наурыз Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағына жақын таулардан Сатыбалдыға тиесілі болуы мүмкін заңсыз салынған вилла табылғаны хабарланған.
4 сәуір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдының бақылауындағы компания басшыларының ұсталғанын хабарлады.
12 сәуір Сатыбалдының фирмаларына тиесілі «Қазақтелеком» акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық