Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі күзетшісі сұмдық шындықтың бетін ашты
Қайрат Рысқұлбековті қайтыс боларынан бір күн бұрын тергеу изоляторында моншаға апарған семейлік Мақсұт Оспанов ешкімге айтпаған деректерімен бөлісті.
Айқын басылымының хабарлауынша, Мақсұт Оспанов 1979-1991 жылдары Семейдегі оқшаулау тергеу изоляторының старшина жасағында конвой, бақылаушы, каптерщик қызметтерін атқарған. Оның айтуынша, Қайрат Рысқұлбековты моншаға қалай апарғаны әлі есінде.

Әлі күнге дейін есімде. Сағат 3 кезінде моншаға өзім ертіп апардым, киімін, бәрін ауыстырып бердім. Сағат 4-5 шамасында камераға кіргіздім. Таңертең келсем, түрмеде айғай-шу. Қайрат қайтыс болыпты. Не болғанын өзім түсінбей қалдым» дейді Оспанов.
Мақсұт Оспанов Қайраттың ерекше бақылаудағы камерада отырғанын айтты.
«Бір кісілік камерада отырды. 22 камера – ерекше бақылаудағы камера. «Смертниктер камерасы» деп алалатын, онда ату жазасына кесілгендер отырады» дейді Мақсұт Оспанов.
Бұрынғы түрме қызметкері бұған дейін барлық кітаптарда, баспа беттерінде «Қайрат Рысқұлбеков Семей түрмесіндегі 21 камерада ажал құшты» деген сөзбен келіспейді.
«Семей түрмесінде 10 жылдан астам еңбек еткен адаммын. Мен жұрт секілді естігенімді емес, көргенімді айтып отырмын. Қайратты өзім камерадан алып шығып, моншаға апарып жүрдім. Меніңше, Қайрат өз ажалынан өлген жоқ. Біреулер өлтірді. Ал оны 21 камераға ауыстырса күндіз ауыстыруы керек еді. 22 камераны екінің бірі аша алмайды. Жедел қызмет бастығы мен түрме бастығы ғана аша алады. Қайратты өзі отырған 22 камерада өлтіріп, 21 камераға апарып тастауы да мүмкін» дейді ол.
Сондай-ақ, Мақсұт Оспанов Қайрат Рысқұлбековтың күнделігі жайлы естелік айтып берді.
«Түрмедегі әрбір кісінің заттарын, киімін қоятын арнайы орын болады. Қайраттың қалың дәптері сонда тұратын. Ұмытпасам, түсі қоңыр болуы керек. Іші тола жазу. Бір күні «Күнделігіңді оқуға бола ма?» деп Қайраттың өзінен рұқсат сұрадым.«Оқыңыз. Бірақ ешкімге бермеңіз», – деді. Біреуге берсем, өз басыма бәле болады ғой. Сөйтіп, Қайраттың күнделігін оқыған жайым бар. Оқыдым дегеннен гөрі шолып шықтым дегенім дұрыс шығар. Әке-шешесіне арнаған өлеңдері, махаббат тақырыбындағы өлеңдері болды» дейді бұрынғы түрме күзетшісі.
Қайрат қайтыс боларының алдында күнделікті камерасына алып кеткен. Мақсұт Оспанов оған күнделігін өзі қиылып сұраған соң жасырын түрде берген екен.
«Қиылып сұраған соң амалсыз бердім. Бір жағы қорықтым. Біліп қойса, мені жұмыстан шығаруы да мүмкін еді. «Қолыңыздан алдым, қолыңызға беремін. Таңертең аласыз», – деді. Таңертең анадай жағдай болды. Күнделік сол күйі табылған жоқ. Кейін табылды деп естідім. Өзім бірақ көрген жоқпын. Осылай боларын білсем, дәптерді көшіріп алар едім. Ол кезде фотоға түсіріп алатын ұялы телефон да жоқ қазіргідей» дейді ол.
Қайрат қайтыс болғанда оны жалғыз өзі моншаға апарғаны үшін Мақсұттан да күдіктеніп, сұрақтың астына алған кездер де болыпты.
«Сен ештеңе көрген жоқсың, моншаға апардың да алып келдің. Аузыңды жап та тыныш жүр», – деді бастықтар. 10 жылдай ешкімге айтпай жүрдім. Қазір ақырындап айтып жүрген жайым бар» дейді Мақсұт Оспанов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық