Қайрат Нұртас тағы да той аралап жүр. Бұл жолы Алматыда
Almaty.tv
Қазақстандық эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Кенжебек Жанәбілов карантинге қарамай жұмыс істеген Алматыдағы мейрамханалардың бірінде ұсталды, деп хабарлады Orda.kz. Almaty телеарнасына сілтеме жасап.
Мейрамханаға бақылау тобының мүшелері барған. Онда екі жүзге жуық адам болған.
– Үш сағат бойы қожайындар есікті жауып алып, инспекторларды кіргізбеді. Нысан электр желісінен ажыратылғаннан кейін ғана жұмыс тобының өкілдері ішке кіре алды. Мұның арты жанжалға ұласып, нәтижесінде Алматы телеарнасы түсірілім тобының жабдықтары зақымдалды, - деп хабарлады телеарна.
Түнде 200 адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп бұзушыларға 87 мың теңге айыппұл салынды. Мекеме иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 670 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртас Семейдегі тойға келді деген хабар тараған. Оны тойдағы қонақтардың бірі айтқан. Әнші түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған, алайда кейінірек оны өшіріп тастаған.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық