Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова инстаграмнан қанша табады?
Бүгінгі күнде инстаграм ең танымал әлеуметтік желіге айналды. Бұл желі 2015 жылдан бастап қарқынды дами бастады. Желі бірнеше жыл ішінде ақпарат алмасу алаңы ғана емес, мықты табыс көзіне айналған бірегей алаң болып қалыптасты. Инстаграмды табыс көзі ретінде қарапайым қызмет берушіден эстрада жұлдызына дейін қолданады. Әлеуметтік желідегі табыс потенциялын елестету мүмкін емес. Мәселен атақты футболшы Криштиану Рональдоның парақшасындағы бір жарнамалық жазбаның өзі 975 мың доллар тұрады.
Қазақстандық шоу бизнес өкілдері де инстаграмды табыс көзі ретінде шебер қолдануда. Ең сұранысқа ие тәсіл - giveaway өткізу.
Giveaway немесе гив - бұл әйгілі блогер, музыкант немесе атақты адам Instagram-да оқырмандары арасында жүлделер ойнататын байқау. Қатысушыларға қойылатын басты шарт: барлық демеушілердің парақшасына жазылу. Демеушілер саны көп жағдайда 30-150 арасында болады.
Ақша қайдан келеді?
Ақшаны жарыс өткізушіге гивқа қатысқысы келетін демеуші береді. Ауқымды гивтерде бір орын 80-200 мың теңге аралығында болады.
Жақында жоспарланған табысты гивтер қатарында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасылық гивін атауға болады. Екеуі өткізген гивте 120 демеуші болды, бір орын 170 мың тенге. Қорытынды бойынша аталған жұп гивтен бір күнде болжамды шығындарды алып тастағанның өзінде 18 миллион теңге табыс тапқан.

Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық