Қайрат Құдайбергеннің басы тағы да дауға қалды
Фото: Instagram/ Қайрат Құдайберген
9 тамызда Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген иллюстрациялық суреттер салатын «Qantar» есімді қыздың жұмыстарын сынға алды. Депутаттың жазбасынан кейін бойжеткенге қысым көрсетілген.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Жазбасында Қайрат Құдайберген қазақтың ұлттық киімін киген жігіт пен қыздың сүйісуін «азғындық, әдепсіздік» деп сынға алды. Артынша ол өз жазбасын өшірді.
Қайрат Құдайбергенің жазбасынан кейін өзін «Qantar» деп атайтын қызға қоқан-лоқы көрсетіліп жатыр. Белгілі болғандай, суретші мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ.

– Мен қыздар арасындағы тығыз қарым-қатынасты, әйелдердің құқықтары мен ЛГБТ туралы айтқан сайын хейтерлер болған. Бірақ уақыт өте келе олар жоғалып, орнына мені түсінетін оқырмандар қалатын. Бұл жолғы хейт Құдайберген мырзаның репостына байланысты ауқымды болды. Онда тек жаман пікірден басқа, позитивті жауаптар болды. Тіпті жақсы пікірлер көбірек болды, - деді суретші.
Соңғы жылдары «Qantar» қазақтың ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдарын салып жүр. Қызға ұлттық нақыштар мен бейнелер ұнамды. Ол өз жұмыстарында адам құқықтары, әйелдер, ЛГБТ адамдары тақырыбында жазуды және сурет салуды жалғастыруды жоспарлап отыр, өйткені ол өз құқықтарының бұзылғанын қаламайды.
Qantar депутаттың оқырмандарын және олардың ашуын барынша түсініп тұр.
Кибербуллинг
– Қайраттың оқырмандары қорыққаннан қатты ашуланды. Олар мықты қарсыластарға, аса маңызды проблемаларға қарсы өздерінің әлсіздігіне ашуланады; олар қорқынышты және бұлыңғыр болашақтан қорқады, олар балаларынан, өздерінің «дәстүрлерінен» қорқады, өйткені әлем өзгеруде. Мен оларды түсінемін, - деді бойжеткен.
Бойжеткен Құдайбергеннің әрекетін «кибербуллинг» деп санайды.
– Шын мәнінде ол биліктің өкілі және оның әрекетін адам құқығын бұзу деп сипаттауға болады, - деп «Qantar» өз ойымен бөлісті.
Суретші адамдардың қазақ мәдениеті тек оларға ғана тиесілі емес екенін түсінсе дейді. Ол «мен де қазақ қызымын, бұл менің де мәдениетім және мен осы мәдениетке және ұлттық ерекшеліктерге барлығы сияқты құқылымын» деп еске салды.
– ЛГБТ қауымдастығының қазақтары қазақ болуды тоқтатпайды және керісінше: олар қазақ болғандықтан, олардың бағдары мен қалауы ешқайда кетпейді, - дейді қыз.
Еске салсақ, бұл Қайрат Құдайбергеннің қатысуымен болып жатқан бірінші дау емес. 2021 жылдың шілдесінде ол қазақстандық блогер Мерей Жолшының бейнесін репост жасады. Онда блогер «поп-ит» ойыншығын отқа жаққан. Оның ойынша, ол ЛГБТ-ға қарсы күрес. Осы кезде Қайрат ЛГБТ «еуропалық насихат» деп атаған.
Жаңалықтар
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады