Қайрат Құдайберген ЛГБТ-ға қатысты өз ойын айтты
Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген оның қазақстандық суретші Qantar-дың хейт астында қалуы «жәй ғана сөз» дейді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Qantar деген лақап атпен танымал суретші дәстүрлі киім киген бір жынысты жұптардың сүйіскенін бейнелеген. Құдайберген иллюстратордың жұмысын «әдепсіз» деп санады.
Ол өзінің жазбасында былай жазды:
– Не деген масқара? Бұл қорқыныш деген не? ЛГБТ тақырыбымен оқырмандарды оңай жинауға болады, бірақ танымалдық үшін арды сату – масқара. Біз мұны тоқтатуымыз керек!

Құдайбергеннің жазбасынан кейін бойжеткенге желіде шабуыл жасалған. Түрлі хабарламалар келетін болған.
Бірақ хейт астында тек суретші ғана емес, депутаттың өзі де қалған. Ол ЛГБТ өкілдерін кемсітіп, суретшіге қарсы кибербуллинг ұйымдастырды деген айыпқа қалды.
Алматы қаласы мәслихатының сайтында депутаттар «өз сөздерінде мәслихат депутаттары мен басқа адамдардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолдануға болмайды», сондай-ақ «заңсыз және зорлық-зомбылыққа шақыруға болмайды» делінген.
Orda.kz Қайрат Құдайбергеннің өзінен осы іс бойынша тексеру болды ма деп сұрады. Депутат өз іс-әрекетін этикаға қарсы емес дейді.
- Әдеп жөніндегі кеңестің оған қандай қатысы бар? Мен этикалық нормаларды бұздым ба? - деп сұрады депутат.
Құдайберген жазбадан кейін суретшіге жазылған қоқан-лоқы «жай ғана сөз» деп сендірді.
Анықталғандай, депутат өзін толерантты адам санайды және ЛГБТ-ге қарсы еместігін айтты. Оның ашуын тудырған тек Qantar-дың салған суреттерінде қазақтың ұлттық киімнің қолданылғандығы.
- Олар маған гомофобсың дейді. Бірақ маған олардың төсегінде не болып жатқаны маңызды емес, олар қандай қарым-қатынаста, жақсы көре ме, жоқ па бұған ешкім қарсы шықпады, бірақ бұндй әдепсіздікті таратудың қажеті жоқ, - деп түсіндірді Құдайберген өз ұстанымын.
Депутат өзін импульсивті әрекет еттім деп ойламайды. Ол болмаса да, басқа лауазымды адам бұл меселені көтерер еді.
Еске салсақ, Қайрат Құдайбергеннің басы бірінші рет дауға ілігіп отырған жоқ. 2021 жылдың шілдесінде депутат блогер Мерей Жолшының «поп-ит» ойыншығын өртеп жіберген бейнесін репост жасаған.
Авторы: Диана Матвеева
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық