Қайрат Құдайберген халықтан көмек сұраған министрлікті сынға алды
12 тамызда Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықтан көмек сұрауын өзінің Instagram парақшасында сынға алды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Министрлік меншіктің барлық түріндегі ұйымдардың еңбек ұжымдарын объективті қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетуге және оларға көмек көрсетуге шақырады, - делінген министрліктің үндеуде.
Құдайбергеннің айтуынша, ол үш күн өзін қоярға жер таба алмаған.
– Білесіздер ме, достар, біз тәуелсіздіктің 30 жылында көп нәрсені көрдік. Бірақ министрлік өзінің сәтсіздіктерінің артын жабу үшін адамдардан ақша сұрады. Ондайды осы уақытқа дейін көрмеппін.
Иә, біздің халық бір-біріне көмектесу қабілетімен танымал. Осы 30 жыл бойы бізде шексіз асар болды - біз күн сайын науқас балаларға, жалғызбасты қарттарға, кедей отбасыларға көмектесу үшін ақша жинаймыз, - деді ол өзінің жазбасында.
Оның айтуынша, халық осы жолы да бір-бірін қиындықтан алып шығады. Қолында барын береді.
– Бірақ, мырзалар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері! Фермерлерге көмектескен сіз емес, қарапайым халық екенін біле тұра, сіз тыныш ұйықтай аласыз ба? - деп сұрақ қойды.
Жұт немқұрайлықтан шықты
Қайрат жұт табиғи құбылыс емес, ол немқұрайлықтан шыққан дегенге кәміл сенеді.
– Жұтты ауыл шаруашылығын құртқан әр түрлі дәрежедегі шенеуніктер ұйымдастырды. «Біздің елімізде ауыспалы егістіктегі малға азық болатын дақылдардың үлесі 15% деңгейінде, бұл ғылым ұсынған көрсеткіштен екі есе төмен. Мал шаруашылығын дамытудың негізгі принциптері бұзылды, ал мал басын көбейту жем-шөп базасын алдын ала нығайтпай жүзеге асырылды». Бұл сөздерді кім айтты? Қазіргі Ауыл шаруашылығы министрінің уақытша орынбасары Ербол Қарашөкеев.
Маңғыстау облысында КСРО кезінде малдың барлық түрінен 732 мың бас болған. 3400 шахта ұңғымасы жұмыс істеді. Қазір облыста - шамамен 840 мың бас мал (15% артық), 2500 ұңғыма қалған. 1000 жуық ұңғыма қайда? Оларды шаруалар қиратты ма? Жоқ! Ұңғымалар ауылшаруашылығынан тым алыстағы әр түрлі тәжірибесіз және жабайы басшылықтың арқасында жоғалып кетті.
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген
Депутат министрліктің банк, несиелік ұйым не олигархтардан емес, халықтан көмек сұрағанына ашынды.
Ол алда биліктен не күтерін де білмейтін сияқты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық